astana-view

Бизнес жобалар

23 Тамыз 2016 - Павлодар облысы

Ассаламағалейкум! Мен, Сайырханұлы Хамидолда Павлодар облысы, Май ауданы, Кеңтүбек ауылының тұрғыны. Білімім-жоғары, мамандығым инженер. Менің "Жайсаң" дербес кәсіпкерлігім бар. Дербес кәсіпкерлігімнің негізгі мақсаты ауылдағы жеке үйлердің жылу жүйесін құру, соларға араналған пеш жасау және басқа да бұйымдарды жасаумен шұғылданамын. Алдағы мақсатым ауыл тұрғындарының қолайлы тұрмыс тіршілігіне қолайлы ауыл шаруашылық өндірісінің жұмыстарына ауыл тұрғындарының белсенді қатысуына мүмкіндік туғызу үшін ұзақ уақыт жанатын және отын үнемдейтін жеке үйлерге арналған пеш жобасы және пешке от жағуға арналған автоматтандырылған қондырғының жобасын жасадым. Бұл пеш ұзақ уақыт жанып, жылу береді,көмір-отынға үнемді және біздің ортаға қолайлы етіп жасалған. Осындай пешті жасап, тәжирбиеден өткіздім және осы пештің кемшліктерін толықтырып, екнші пешті істеп үйге құрып өте жақсы нәтижелі болдым. Бұдан басқа пешке отын жағу автоматтандырылған құрылғы ойлап тауып, оныда істеп дайындап тәжирбиеден өткіздім. Енді осы жобаларға авторлық құқық алып, өндіріске енгізу, ауылда осы пешті, қондырғыны істейтін цех ашып істетуді мақсат етіп отырмын. Осы жобаларыма қандай қолдау көрсете аласыздар? Грантқа қатысуыма болама? Қандай мүмкіндіктер бар? Қосымша қандай құжаттар керек?


Еншілес ұйымдар

Серіктестер