Шағын бизнесті дамыту департаменті
Тюгина Ирина Валерьевна
Департаменттің негізгі міндеттері мен қызметі:
- Заңнаманы жетілдіру арқылы шағын бизнесті дамыту саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
- Шағын бизнеске арналған мемлекеттік қолдау құрылымдарын жаңғырту бойынша қызмет;
- Цифрландыруды қолдану арқылы шағын бизнеске арналған ынтымақтас инфрақұрылымды қалыптастыру, соның ішінде кәсіпкерлік салада қолма-қолсыз төлемдер жүйесін алға жылжыту;
- Шағын бизнесті дамыту мәселелері бойынша сыртқы ұйымдармен, оның ішінде банктер, халықаралық ұйымдар және кәсіпкерлікті қолдау мәселелері жөніндегі басқа да институттармен өзара қарым-қатынас орнату;
- Шағын бизнес мүддесіне қатысты мәселелер бойынша «Атамекен» ҚР ҰКП департаменттерімен ішкі қарым-қатынас орнату;
- Шағын бизнес салаларында іскерлік бәсекелестікті құру мақсатында көрмелер, конференциялар, семинарлар және басқа да шараларды ұйымдастыру мен өткізуге қатысу;
- Қоғамдық бірлестіктер, кәсіпкерлердің одақтарымен (қауымдастықтар) қарым-қатынас;
- «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы Шағын және орта бизнесті дамыту комитетінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық және құжаттық қамтамасыз ету.