astana-view

ТЖ кезеңінде еңбекақысыз мерзімсіз демалысқа кеткен жұмыскерлерге мемлекеттен қандай өтемақы қарастырылған?

Шағын және орта бизнес
Солтүстік Қазақстан облысы
2020-04-16

ТЖ салдарынан табысын жоғалтқан жұмыскерлерге 42 500 теңге көлемінде жәрдемақы қарастырылған. Ақшалай өтемақыны келесі азаматтар ала алады:  

  1. Микро, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің ТЖ салдарынан еңбекақыны сақтамай мерзімсіз демалысқа кеткен  жұмыскерлері; 2. Жеке кәсіпкерлер; 3.Жеке практикамен айналысатын тұлғалар (нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор); 4.Бірыңғай жиынтық төлемін төлеушілер; 5. Азаматтық-құқықтық келісімшарттар бойынша табыс алушылар,  жұмыс орындаушылар (қызмет көрсету), олар үшін салық агенттері міндетті зейнетақылық аударымдар жасаған.  

 (2.04.2020-на өзекті ақпарат) 


Вернуться ко всем вопросам

Еншілес ұйымдар

Серіктестер