astana-view

Тікелей эфирдегі салықтар бойынша сұрақтарға жауаптар

Қаржы
2020-04-16

Тікелей эфир сұрақтарына ҰКП Салық салу департаментінің директоры Жеңіс Жанболатова жауап береді. 

  1. ШОБ субъектілері үшін салықтар бойынша кейінге шегеру – қандай салықтарға қарастырылған? Атап айтқанда, аталған кейінге шегеру төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығына тарала ма?

ҚР Үкіметінің 27.03.2020 жылғы қаулысына сәйкес ШОБ субъектілері үшін 01.06.2020 жылға дейін барлық салық түрлері және бюджетке басқа да міндетті төлемдер, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер  бойынша шегерім берілген. Аталған шегерім салық агенті төлем көзінен ұстап қалатын жеке табыс салығына да қарастырылған.

  1. Мүлік салығынан босату – бұл жеңілдік қандай салық кезеңіне қарастырылған? 2019 жылға жеңілдік алуға бола ма?

ҚР Үкіметінің 20.03.2020 жылғы № 126 және 27.03.2020 жылғы №141 қаулыларына сәйкес салық төлеушілердің жекелеген категориясына (сауда-ойын-сауық орталықтары, қонақүйлер, кинотеатрлар, дене шынықтыру-сауықтыру және спорт нысандары, қоғамдық тамақтану және т.б.) мүлік салығынан 2020 жылға босату берілген. Осыны ескеріп кәсіпкерге 2019 жылға мүлік салығын төлеу керек.

  1. ҚҚС-тың 8%-дық мөлшерлемесі қандай датадан бастап күшіне енеді? Егер кәсіпкер ҚҚС 8%-дық мөлшерлемесінің бекітілгенін білмей, әлеуметтік маңызы бар тауарларды сатқанда 12% көрсетіп шот-фактура жазған болса – ҚҚС-тың дұрыс мөлшерлемесін қалай көрсету керек?

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар болып табылатын бірқатар тауарға қолданылатын мөлшерлемені 12%-дан 8%-ға дейін төмендету қарастырылған. ҚР Үкіметінің 27.03.2020 жылғы №141 қаулысында ҚҚС-тың 8 пайыздық мөлшерлемесі қарастырылған, ол құжатқа қол қойылған күнінен, яғни 27.03.2020 жылы күшіне енді.  Егер электронды шот-фактура 12 пайызбен көрсетіліп шығарылған болса, онда ҚҚС-тың дұрыс мөлшерлемесін (8 пайыз)  көрсетіп, түзетілген электронды шот-фактураны шығару керек.


 4. ШОБ субъектілеріне барлық салықтарды төлеу бойынша 3 айға шегерім берілген. Кәсіпкер тиісті салықтық өтініш және қосымша міндеттемелерді (банк кепілдемесі, мүлік кепілдігі) беру міндетті ме?

 ҚР Президентінің 16.03.2020 жылғы № 286 Жарлығына сәйкес ҚР Президенті мемлекеттік органдарға, оның ішінде салық салу, мемлекеттік бюджетті қалыптастыру, нақтылау және пайдалану мәселелері бойынша әлеуметтік-экономикалық салада реттеудің әртүрлі тәртібін көздейтін актілерді қабылдауға немесе нұсқауларды беруге құқылы.

Сондай-ақ ҚР Президентінің 16.03.2020 жылғы №287 жарлығымен ҚР Президентімен мақұлдауымен Қазақстан Республикасының Президентімен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі салық ставкаларын, салық салу базасын, салық салу объектілерін, салық кезеңін және жеке салық төлеушілер үшін салық міндеттемелерін орындау тәртібін анықта

 ҚР Үкіметінің 20.03.2020 жылғы № 126 және 27.03.2020 жылғы №141 қаулыларын іске асыру мақсатында салық төлеушілердің жекелеген категориялары бойынша салық салудың басқа әлеуметтік нормалары қарастырылған, шегерім алу үшін салық өтініштері мен қосымша міндеттемелер талап етілмейді.


Вернуться ко всем вопросам

Еншілес ұйымдар

Серіктестер