astana-view

Бектау ата аңызы

Қарағанды облысы

Әр елді мекен сияқты Бектауата тауы жайлы да халық арасында аңыз бар. Бағзы заманда бір қарт өмір сүріпті, ол кісінің ауылдастары жау тарапынан опық көріп, ауыл болып қашуға мәжбүр болған. Қарт адам халқын тау мен тастан, өзен мен көлдерден өткізіп, мал асырап, жақсы күн кешуге болатындай мекенге көш бастап, алып келеді. Ауыл халқы тау етегіне жайғасады, ал, қарт адам үңгірлердің біріне кетуді шешеді. Ақсақал кетер алдында: «Мен мына жатқан таудың ішіндегі үңгірге кетемін, егер, менен бір нәрсе қажет болса, үңгірге келіңдер, барынша көмектесемін, бірақ, сендерге бір шартым бар. Кімде-кім анау таудың басына шығатын болса, бір жамандық келеді.

Сондықтан, онда баруға тыйым саламын», – деген екен. Қарттың сөзіне құлақ аспаған бір адам, таудың басына шығып, одан құлап, жараланған екен. Содан бері бұл тау «Бектау ата тауы» деп аталып кеткен.

Еншілес ұйымдар

Серіктестер