Шайтан туралы аңыз
Ежелгі заманда әлемді шайтан кезіпті. Ол адамдарды бақылап, араларына іріткі салумен айналысып, бәріне үлгеріп, ештеңені назардан тыс қалдырмапты. Бір күні шайтанның қитұрқы әрекеттеріне ашуланған Жаратушы ие оның бір мезетте бір орыннан екінші орынға ауысу қабілетінен айырған екен. Енді шайтан өз үйіне жаяу жүруге мәжбүр болған – ал үйі таудың шыңында болған. Шайтан ұзақ дала кезіп, Іле өзенін бойлай жүріп, қатты шаршап, демалуға жата кетіпті. Оның сапары өте қиын болып, жасаған әрекеттерінің ауыртпалығы соншалық салмақ түсіп, шайтан мұрттай ұшыпты. Ол әлі күнге дейін ұйықтап, жалғыз жатқан құм төмпешігіне айналған, оны ешкім және ештеңе – көктегі қақтаған күн де, жауын да, найзағай мен жел де оята алмайды екен. Анда санда біреу оның тыныштыңын бұзғанда ғана оның көкірегінен оқшау дыбыс үзіледі екен-мыс.