astana-view

Теңгенің нығаю мүмкіндігін әзірше Ұлттық банк қана көріп отыр

2014 жылғы 04 Қыркүйек
3565 просмотров

Ұлттық банк теңгенің долларға бағамының төменгі дәлізін кеңейте алады. Қысқа мерзімдік перспективада бұл ақша-кредит саясатының қатаюына әкелуі мүмкін, алайда орта мерзімдік кезеңде ұлттық валютаның нығаюы үшін алғышарт жоқ, деп есептейді талдаушылар.

Қазақстанның Ұлттық банкі теңгенің долларға деген ауытқу дәлізінің бұрыннан келе жатқан төменгі шегін кеңейту туралы шешімді ойластыруда. Бағамның шектері 1 американдық доллар үшін 170-тен 180 теңгеге дейінгі аралықты құрауы мүмкін.

Қазақстандық Орталық банктің басшысы Қайрат Келімбетов теңгенің нығаюына кеңістікті байқап отыр. Ағымдағы аптаның ішінде теңге бағамының $1 үшін 185 теңге базалық бағамынан «+3 теңгеден» «-15 теңгеге» дейінгі ауытқуының төменгі дәлізінің кеңеюі туралы шешім қабылдануы мүмкін.

"Сонда 181, 180, 179-дардың да аулы алыс емес. Бәлкім 170 – бірақ бұл жағдайға қарай белгілі болады. Бүгінгі таңдағы 1 доллар үшін 185 теңге   +/-3 теңге бағамы бұл ресейлік 40-42 рубль бағамына (бір доллар үшін) шаққанда қалыпты. Сондықтан да төлемдік теңгерім жақсы екенін көріп отырмыз, және де тамыз айының қорытындысы бойынша АВҚ $27,7 млрд. дейін өскен. Теңгенің нығаюына кеңістік бар деген ойдамыз", - деп мәлімдеді Қайрат Келімбетов.

Қазақстанның Ұлттық банкі 11 ақпанда теңгенің айырбас бағамын бұрынғы деңгейде (150 теңге/$1 +/-3%) сақтап тұрудан бас тартуға, оның қалыптасу процесіне араласуды қысқартуға, валюталық басқыншылық көлемін төмендетуге шешім қабылдаған еді. Қаржы нарығының, жалпы экономиканың тұрақсыздануына жол бермес үшін, Ұлттық банк АҚШ доллларына қатысты теңге бағамы ауытқуының жаңа дәлізін енгізген болатын, яғни  - 185 теңге/$1 +/-3 теңге. Ол сонымен қатар кенет өзгеру және айырбас бағамының қысқа мерзімдік құбылмалылығын деңгейлестіру саясатын жалғастыру туралы жариялаған болатын.

Ұлттық банк басшысының мәлімдемесі Украинадағы дағдарыстың жаңа орамының салдарынан батыс елдерінің ықпалшаралық қысымына ұшыраған ресейлік рубльдің екпінмен құлдыруы жағдайында айтылды. Ресей Қазақстанның ірі сауда серіктестерінің бірі болып табылатындықтан, бұл осы процестің Қазақстанға, нақтырақ айтсақ – АҚШ доллларына деген теңге бағамына әсер ету мүмкіндігін сездірді.

Алайда Украинадан келген жаңалықтар жағдайында рубль айтарлықтай нығая бастады. Бейсенбідегі «Мәскеу биржасындағы» сауда-саттықтың басында доллар мен еуроның төмендеуі рубльдің жағымды жаққа қозғалысын жалғастырды. Күні кеше доллар  күн қорытындысы бойынша 60 тиынға төмендесе, еуро 65,5 тиынынан айрылған.

Алайда Halyk Finance талдаушылары жүйедегі теңгелік өтімділіктің артылуы шартын қолдайтын Қазақстанның Ұлттық банкінің ағымдағы саясаты жағдайында орта мерзімдік перспективада теңгенің нығаюына алғышартты көріп отырған жоқ.

"Керісінше, одақтық шартқа қол қойғаннан кейін банктер үшін өршіп кеткен сыртқы факторлардан туындайтын ұзақ мерзімдік тәуекелдердің өсуі, сондай-ақ іскерлік белсенділіктің төмендеуі және инфляцияның үдеуі арзан қысқа мерзімдік теңгелік қорланудың экономикадағы ұзақ мерзімдік кредиттерге түрленуін шектейді, - деп инвестбанкте теңгенің әлсіру ықтималдығына емеурін білдіруде. ҚҰБ тарапынан реттеушілік талаптардың күшеюі және сатымдық өтімділік қаражат арзандығы жағдайында банктер өз активтерін біршама сапалы формада шоғырландыруға бейім".

Теңгеге келесі бір қысым көзі Украинадағы оқиғалар төңірегіндегі геосаяси жағдай болып табылады. Соның нәтижесінде «рубльдің құлдырауы, сыртқы қорландырудың ықпалшаралық шектеулері салдарынан Ресейдегі доллларлық өтімділіктің тапшылығы, сондай-ақ Қазақстан мен РФ арасындағы нарықтық пайыздық мөлшерлемелердің жоғары дифференциалы" жүріп жатыр. ҰАК тарапынан Қазақстандағы доллларға қосымша алыпсатарлық сұранысты тудырады, деп атап өтуде Halyk Finance.

Дегенмен, талдаушылар қысқа мерзімдік перспективада теңгенің нығаюын да күн тәртібінен алып тастаған жоқ. Олардың ойынша, нығаю үшін шарттардың бірі теңгелік өтімділікке деген сұраныстың көтерілуі болуы мүмкін. Реттеушінің ақша-кредиттік саясатын күшейту есебінен жүргізілуі де әбден мүмкін (Ұлттық банктің ноталары мен депозиттері бойынша мөлшерлемелерді көтеру), деп нақтылады Halyk Finance өкілдері.

"Валюталық қорлар есебінен валюталық арна арқылы теңгелік өтімділікті алып тастау тәсілі әсер етеді деп ойламаймыз. АВҚ қарқынды шығындары бұл жағдайда Ұлттық банк саясатының төмен нанымдылығы факторын күшейтеді. Бұл көбінесе вербалдық басқыншылыққа деген жауап қатудың қарама-қарсы векторына ие. Ал бұл теңгеге деген қысымды күшейте түседі", - деп қорытты Halyk Finance.

Арман Жақып


Еншілес ұйымдар

Серіктестер