astana-view

Кәсіпкерлер мемлекеттік қолдау шаралары жайлы білмейді

2014 жылғы 08 Қыркүйек
3907 просмотров

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Қазақстанның Халық банкінің жәрдемімен бір ай бұрын еліміздің 22 өңірінде ашылған консультациялық орталықтарға мыңнан астам адам келіп жүгінген.

Бұл орталықтарда кәсіпкерлерге мемлекеттік бағдарламалар, экспортты, инвесторларды, инновациялық гранттарды алуды қолдау бойынша бағдарламалар аясында бизнесті қолдаудың түрлі өзекті мәселелері бойынша, сондай-ақ болжамды қаржыландырудың дұрыс құрылымдану мәселелері, салық салу, Қазақстанның Халық банкі көрсететін қызметтер бойынша тегін консультациялар беріледі.

Консультациялық орталықтар жұмысының бірінші аптасы қорытындылары бойынша кәсіпкерлер тарапынан аса үлкен қызығушылықты тудырған мемлекеттік қолдау бағдарламаларының талаптары, сондай-ақ бизнесті жүргізудің жалпы мәселелері бойынша ақпарат болды.

Ұлттық палатаның Басқарма Төрағасының Орынбасары Нұржан Әлтаев атап өткендей, консультациялық орталықтарға келгендердің жалпы санынан кәсіпкерлердің 70%-н мемлекеттік қолдау бағдарламаларына қатысу мәселелері қызықтырса, кәсіпкерлердің үштен бір бөлігі бизнесті жүргізудің басқа да мәселелері бойынша консультация алу үшін жүгінген. Консультациялық орталықтар жұмысының нәтижесінде қызығушылық танытқан кәсіпкерлер жалпы сомасы 490 млн. теңгеге қаржыландыруға өтінім берген.

Төраға орынбасарының айтуынша, мемлекеттік бағдарламаларға қатысу талаптарына қызығушылық танытқан кәсіпкерлер ішінен 57% өңдеу өнеркәсіптеріндегі ШОБ субъектілерін қолдау Бағдарламалары туралы біршама егжей-тегжейлі ақпарат алғысы келсе, қалған бөлігі (33%) – Бизнестің жол картасы 2020 бағдарламасының талаптары жайлы (БЖК-2020).

Дегенмен, ҰКП басқарма басшысының орынбасары айтып кеткендей, бүгінде барлық өңірлер үшін өзектілігін жоймаған бірқатар жүйелік проблемалар бар.

Нұржан Әлтаев

«Бірінші кезекте, әсіресе ауылда, мемлекеттік бағдарламалар туралы хабардарлықтың төмендігі. Мемлекет бірқатар бағдарламаларды жасап шығарды және жүзеге асыруда, алайда, өкінішке орай, ШОБ әзірше белсенділік танытпай отыр. Консультациялық орталықтарды аша отырып, кәсіпкерлерге мемлекеттік бағдарламалар туралы, олардың артықшылықтары, мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып бергіміз келеді», - деді Нұржан Әлтаев.

ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Ұлттық палатаның әрбір кәсіпкерге көмектесуге ниетті екеніне сендірді. Оның айтуынша, ауылдарға ай сайын әрекеттегі мемлекеттік бағдарламалар мен мемлекеттік қолдау шаралары бойынша түсіндіру жұмысымен айналысатын консультанттар барып тұратын болады.

Сонымен қатар Қазақстанның Халық банкінің облыстық және өңірлік филиалдарында қазірде құрамына Өңірлік кәсіпкерлер палатасының басшылары, Халық банк филиалдарының директорлары, «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қорының өкілдері кіретін консультациялық топтар құрылуда. Олар аудандық банк басқармаларында және кәсіпкерлер палаталарының жергілікті өкілдіктерінде кәсіпкерлермен жұмыстар жүргізу үшін өңірлерге сапарлар жасап тұрады.

Мұндай сапарлардың мақсаты – ШОБ даму деңгейі бойынша әлеуетті тартымдылығы бар аудандар кәсіпкерлерін белсенді түрде тарту.

Консультациялық орталықтардың жұмысытарын қорытындылай отырып, Нұржан Әлтаев ауылдық кәсіпкерлерді негізінде жер телімдерін алумен байланысты мәселелер толғандыратынын атап өтті. Оның сөзінше, ҰКП өкілдері жер комиссияларының құрамына кіргізіліп, бұл кәсіпкерлерге барынша көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Бизнесмендер сонымен қатар тендерлердің көбінесе нақты бір ұйым үшін өткізілетінін мәлімдей отырып, мемлекеттік сатып алулар саласының ашық еместігіне шағымданады. Нұржан Әлтаев хабарлағандай, Үкіметте өткен кездесу қорытындысы бойынша комиссия құрамына ҰКП өкілдері де кіреді деген келісімге қол жеткізілді. Ол сонымен қатар егжей-тегжейлі орналастыру жоспарының жоқтығына орай да проблемалардың туындайтындығын атап өтті. Оның сөзінше, қазірде жергілікті атқарушы органдар сайтта орналастырылуға тиіс егжей-тегжейлі орналастыру жоспарына ашық қолжетмділікті қамтамасыз ету мақсатында жұмыс жүргізіп жатыр. ҰКП Басқарма Төрағасының Орынбасары хабарлағандай, жыл соңына қарай Бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасы қабылданады. Бағдарлама операторы – Ұлттық палата.

«Оның ерекшелігі бағдарламада кәсіпкердің даму сатысына қарай алуан түрлі мемлекеттік қолдау түрлері қарастырылуында», - деп түсіндірді Нұржан Әлтаев.

Оның сөзіне сүйенсек, кәсіпкерлер ескертулерінің негізінде Ұлттық палата проблемалар шеңберін анықтап, олар кейін құрылымдандырылып, үкіметке ұсыныс түрінде ұсынылмақшы.

Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандумға 2014 жылғы 25 маусымда Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов пен Қазақстанның Халық банкі Басқарма Төрағасы Үміт Шаяхметова қол қойғанын естеріңізге сала кетейік. Онда кәсіпкерлер үшін ақпараттың қолжетімділігін көтеруге және ШОБ қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламаларды өркендетуге бағытталған шаралар кешенін жүзеге асыру қаралған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер