astana-view

Қазақстандағы электронды коммерция нарығы үш жыл ішінде орташа алғанда 25% өсетін болады

2014 жылғы 09 Қыркүйек
5873 просмотров

 

J’son & Partners Consulting консультанттары қазақстандық электронды коммерция нарығының жалпы көлемін 2013 жыл қорытындысы бойынша 1,5 млрд доллардан астам сомаға бағалайды.

Электронды коммерция секторы Қазақстан Республикасындағы бөлшек сауданың ең серпінді сегменті болып қала береді. 2009 жылғы дағдарыстан кейін республика экономикасы тұрақты өсу қарқынын көрсетіп отыр: былтырғы жылы бұл көрсеткіш 2012 жылмен салыстырғанда 6% құраған. Көлемі 28 млрд доллардан асып түскен бөлшек сауда секторы да өсіп келеді.

Мамандардың берген бағасына сүйенсек, нарық әлі де қызу өсу сатысында жатыр. Бұл орташа жылдық 25%-дан астам қарқынмен келесі үш жыл бойында жалғасын таппақшы.

Алайда Қазақстан Республикасының электронды коммерция нарығы ресейлік аналогтан артта қалып келеді, бірақ айырмашылықты жылдам түрде қысқартуда. Егер ресейлік интернет-сауда нарығының үлесі барлық бөлшек саудадан шамамен 2% құраса, Қазақстанда бұл көрсеткіш ~1%.

Қазақстандық нарықтың ерекшелейтін маңызды белгісі шамамен 10% құрайтын ұлттық дүкендердің болар-болмас үлесі болып табылады. Нарықтың қалған бөлігі шетелдік интернет-дүкендердің үлесінде.

2012 ж. қазақстандық пайдаланушылардың интернет-дүкендерден сатып алу географиясы

Қазақстандағы e-commerce нарығында ең көп талап етілетіні – тұрмыстық техника мен электроника, қызметтер мен интернет-төлемдер. Оның үстіне барлық транзакциялардың үштен бірінен көбі Астана және Алматы қалаларында жасалады.

Қазақстандық пайдаланушылар сатылып алынатын тауарлар мен қызметтерге қолма-қол ақша көмегімен төлеуді жөн көреді. Олардың үлесіне барлық сатып алулардың шамамен 60% келеді. Сонымен бірге J’son & Partners Consulting мамандары төлемге арналған ммүмкіндіктердің айтарлықтай ауқымын атап өтеді: қолма-қол ақша, банк карталары, электронды ақша және т.б.

Қазақстандағы интернет-сауда сегментінің ең ірі ойыншылары мыналар:

  1. Lamoda.kz
  2. Alser.kz
  3. Sulpak.kz

J’son & Partners Consulting бағалауынша, белсенді өсу фазасы 2014-2017 жж. бойына созылады. Жағымдысы нарық ашықтығының өсуі мен оның толыса өсу сатысына көшуі болып табылады.

Анатолий Вересков


Еншілес ұйымдар

Серіктестер