astana-view

ЕЭК ветеринарлық бақылауға жататын тауарлардың (өнімдердің) сынамаларын іріктеу және нысандарға бірлесіп тексеру жүргізудің бірыңғай тәртібін жасап шығуды ұсынады

2014 жылғы 08 Қыркүйек
3948 просмотров

 

Еуразиялық экономикалық комиссия ветеринарлық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарлардың (өнімдердің) сынамаларын іріктеу және нысандарға бірлесіп тексеру жүргізудің бірыңғай тәртібі туралы Ереже жобасын жасап шықты.

Осы Ережеге сәйкес, Кеден одағына мүше бір мемлекеттің аумағынан басқа мүше мемлекет аумағына апарылатын, үшінші елдер аумағынан Кеден одағы аумағына әкелінетін, ветеринарлық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарлардың Бірыңғай тізбесіне енгізілген, әкелінетін  жануарлар және жануарлардан алынатын өнімдердің, оларды дайындауда (өндіруде), қайта өңдеуде, тасымалдауда және (немесе) сақтауда қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жалпы қағидаларын орнату болжануда. Сонымен қатар бақылаудағы тауарларды дайындауға (өндіруге), қайта өңдеуге, тасымалдауға және (немесе) сақтауға қатысатын ұйымдарды және тұлғаларды бірлесіп инспекцияларға және үшінші елдердің ресми қадағалау жүйелеріне аудит жүргізу және кепілдікті қабылдау ұсынылуда.

ҚР ҰКП жобаның маңыздылығын ескере отырып ҚР ҰКП Экономикалық интеграция департаментінің мекен-жайына өз ұсыныстарыңызды және/немесе ескертулеріңізді жолдауды сұрайды. Байланыс мәліметтері:+7(7172) 919 372.

Ветеринарлық бақылауға жататын тауарлардың (өнімдердің) сынамаларын іріктеу және нысандарға бірлесіп тексеру жүргізудің бірыңғай тәртібі туралы Ереже жобасының мәтінімен мына жерде танысуға болады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер