astana-view

Шетелдік туристерге арналған код-штрих

2014 жылғы 09 Қыркүйек
3766 просмотров

 

Инвестициялар және даму жөніндегі министрлік Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп бір ай ішінде Үкімет қаулысын дайындайды. Қаулыға сәйкес жекелеген аумақтар мен елді мекендер туристік және іскерлік мақсаттар үшін шекаралық аумақ шектеулерінен шығарылатын болады.

Бұл ақпарат Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің жиналысында айтылды. Жиналыста туристік формальдылықтарды шешу, шетелдіктер үшін визалық қолдауды оңтайландыру бойынша және шетелдіктер үшін шекаралық аумақтағы шектеулерді алып тастау мәселелері талқыға салынды.

Жиналыс ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, ішкі істер, сыртқы істер, инвестициялар және даму, ұлттық экономика министрліктері, Ұлттық қауіпсіздік комитеті өкілдерінің қатысуымен өтті.

«Қолданыстағы қаулы бойынша шекаралық аумақ ел ішіне қарай 25 км құрайды. Оған облыс орталықтары, шипажайлар, мысалы Шымбұлақ кіреді. Бұл шетелдіктер үшін арнайы рұқсатнаманы алуды және ҚР азаматтары үшін жеке куәлікті міндетті түрде алып жүруді шамалайды. Бұл дегеніміз, кірмелік және ішкі туризм үшін қосымша проблемалар мен кедергілер», - деп түсіндірді ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының Орынбасары Гүлнар Құрбанбаева.

Сондай-ақ, төраға орынбасарының айтуынша, көші-қон қызметіндегі тіркеу процедуралары жеңілдетіліп, автоматтандырылады. Сонымен, визалық тәртіп тоқтатылған 10 мемлекеттен келетін шетелдіктердің көші-қон қызметінде тіркелуін де тоқтату ұсынылуда.

«Жарты жылдан кейін Қазақстанның СІМ Малайзия тәжірибесі бойынша электронды виза енгізуді жоспарлап отыр, сондай-ақ бір жарым жылдан соң виза беру процесі толығымен автоматтандырылып, ел ішінде көші-қон қызметіне тіркелу тоқтатылады. Себебі барлық туристер шекарада арнайы белгі (код-штрих) алады да, бұл елдегі шетелдіктердің елдегі толық есебін жүргізуге мүмкіндік береді», - деген түсінік беріп кетті Гүлнар Құрбанбаева.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер