astana-view

Ауыл шаруашылық субсидияларын бөлу жөніндегі комиссиялар жұмысына ашықтық жетіспейді

2014 жылғы 10 Қыркүйек
3526 просмотров

 

Ауыл шаруашылық субсидияларын бөлу жөніндегі өңірлік комиссияларда қоғамдық бақылау жоқ, деп мәлімдеді ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов.

«Өкінішке орай, бұл комиссияларда іс жүзінде қоғамдық бақылау жоқ. Оның үстіне, біз, заңды өкілеттікке ие Ұлттық палата олардың жұмысына шақырылған жоқпыз және оған қатыса алмаймыз», - деді ол Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі Кеңес отырысында сөйлеген сөзінде.

Ол субсидиялар ұсыну мәселелерін реттеуші ауыл шаруашылық министрлігінен бастап соңындағы фермерге дейінгі аралықтағы өзара әрекеттестік тізбегін келтірді. «Ауыл шаруашылық министрлігі осы мақсаттағы бюджетті екі есеге ұлғайтты. Негізінде, кәсіпкер субсидия алуға тиіс. Бұдан әрі ол әкімдіктерге, субсидия бөлу жөніндегі комиссияларға түседі. Комиссиялар 5-7 адамнан тұрады. Оларды, ережеге сай, әкімнің аграрлық мәселелер жөніндегі орынбасары басқарады. Бізде қандай шағым бар? Біріншіден, жұмыс ашық жүргізілмейді. Хаттамалар да, кімге және қанша бөлінгені де көрсетілмейді. Ақшаның барлығына бірдей жетпейтіндігі түсінікті. Және де осы жағдайларда комиссияның жұмысты ашық жүргізуге тиіс», - деп мәлім етті Басқарма Төрағасы.

Сонымен қатар, кәсіпкерлер бұл субсидияларды ұсыну мерзімдері бойынша сауалдар қоюда. Аграрийлерге егістік науқанының алдында, наурыз-сәуір айларының кезінде қаражат қажет, алайда көбінесе олар көмекті жылдың екінші жартысында ғана алады. «Бұл не деген бассыздық - деді Абылай Мырзахметов.

Аграрлық сектор өкілдері субсидияны кейде жыл сайын бір ғана компанияның қайталап ала беретініне де наразы. «Субсидияны жыл өткен сайын сол баяғы компаниялар ала береді. Олардың да кәсіпкерлер екенін түсінеміз. Бірақ мынаны түсінгіміз келеді – осы комиссиялардың жекелеген компанияларға деген ыстық ықыласы қайдан туындайды?» - деп баса айтты ол.

«Біз осының мән-жайын анықтауға бар күшімізді саламыз. Жыл сайын 200 млрд теңгеден астам сома АӨК қолдауға түрлі арналар бойынша бөлінеді, шамамен 60 млрд көлеміндегі субсидиялар осы комиссияларға кеп тұрып қалады», - деп түйіндеді Абылай Мырзахметов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер