astana-view

Өмір жолы: ардагерлерге алғыс ретінде

2014 жылғы 10 Қыркүйек
6686 просмотров

 

Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстанның бизнес-қоғамдастығының қолдауымен Ұлы Отан Соғысы ардагерлеріне көмек үшін «Өмір жолы» әлеуметтік жобасын бастамалады.

«Өмір жолы» – бұл қарт адамдарға және мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған тәулік бойғы жедел көмек шақыру қызметі. Түймені басқанда немесе төтенше жағдайларда құлаудан хабар беретін тетік іске қосылғанда дабыл белгісі автоматты түрде тәулік бойы жұмыс жасайтын Көмек орталығына түсіп, онда оператор симптоматика және жеке денсаулық төлқұжаты бойынша жедел жәрдем, ТЖМ және басқа да қызметтерді шақыру жайлы шешім қабылдап, туысқандар мен көршілерді құлағдар етеді де, қажет көмек көрсету жолын қадағалайды.

Шілде айында жобаның бірінші кезеңі аяқталды. Тәулік бойғы тәртіпте көмек көрсету жедел шақыру жүйесіне Алматы мен Астанада 75 ардагерден қосылды.

Үстіміздегі жылдың шілде айынан тамыз айының ортасына дейінгі кезең ішінде Көмек орталығы шамамен 150 қоңырауды өңдеуден өткізген, олардың ішінде 20 шақыру жедел тәртіпте орын алып, ардагерлерге шапшаң жәрдем ету талап етіліп, 5 ардагерге жедел медициналық көмек көрсетілді және осылайша олардың өмірі құтқарылды.

- Қосылу процесінде тікелей ардагерлер мен олардың туыстарының, және де бірінші кезеңді жүзеге асыруда бізбен бірге жұмыс жасағандардың мақұлдауын, дабыл түймесінің қажеттігі жайлы айтқандарын естіп жаттық, -деп қорытты жобаны жүзеге асырушы, «Медтелеком» ЖШС директоры Ілияс Оморов. Қазірде Қазақстанның басқа да өңірлеріндегі ҰОС ардагерлерін «Өмір жолы» қызметіне қосу мүмкіндігі қаралуда.

«Өмір жолы» әлеуметтік жобасын Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 2013 жылы Atameken Startup  бизнес-идеялар байқауында бұл жоба бірінші орын алған соң, таңдап алғанын естеріңізге сала кетейік.

Жедел шақыру түймесі тұжырымдамасы әлемде 30 жылдан астам уақыт тіршілік етіп келеді, және де Еуропа елдерінде, Құрама Штаттарда және Канадада айтарлықтай танымал. 2011 жылы бұл қызмет Ресей Федерациясында пайда болды. Жобаны аса ірі қалалардың губернаторлары мен РФ үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведев қолдады. Мәскеу, Мәскеу облысы, Санкт-Петербург, Пермь, Новосібір, Белород және басқа да қалалардағы ҰОС ардагерлері қызмет абоненттері атанды. Бір ғана Пермь қаласында 10’000 абонент қосылды. 2015 жылға қарай дербес медициналық белгі беру қызметіне 100’000 астам жалғыз қалған қарт адамдарды қосу жоспарлануда.

Медициналық телекоммуникациялар саласы дамыған сәтте жаңа жобаны іске қосу – батыл іс. Адам денсаулығы мен өміріне қатысы барлар үлкен жауапкершілікті мойындарына алатыны сөзсіз.

Жалғыз тұратын туыстарымызға қаншалықты жиі қоңырау шаламыз, немесе барып тұрамыз? Статистикаға сәйкес, азаматтардың шамамен 10% ғана өз туыстарына күн сайын қоңырау шалып отырады екен, дәл сондықтан да басым көпшілік туыстарының басына төнген қауіп туралы тым кеш естиді. Қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек қажет болғанда, ережеге сай, жылдам әрекет жасау керек. Алайда қажет сәтте туыстарымыздың жанынан табыла бермейміз.

Сондықтан да «Қайырымды бизнес» құру идеясы ойымызға келді. Жобамыз халықтың әлсіз қамтылған тобына бағытталған: ең алдымен соғыс ардагерлеріне, қарттарға және мүмкіндігі шектеулі жандарға – деп баса айтты Ілияс.

Мәселен, Ұлыбританияда жасы алпыс бесті ауқымдаған кез-келген адам осындай сервиске тегін қосыла алады. Мемлекет қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдардың жедел көмек шақыру жүйесіне қаражатты аямай салады, себебі статистикалық тұрғыдан дәлелденгендей, осындай жүйеге салынған 1$, ауруханаға жатқызу, осыдан кейінгі реабилитация мен емдеуге кететін шығындардан 7 $ үнемдеуге мүмкіндік береді екен. «Алтын уақыт ережесі бар: адамға уақытында көмек көрсетсеңіз, ол айтарлықтай зардаптардан, өліммен аяқталатын жағдайлардан жалтара алады».

Медициналық коммуникациялардың дамуы кең қанат жаюда. Диагноз қою, емдеу және ауру мен өлімнің алдын алу үшін инновациялық технологияларға жүгінген мамандар қарасы көбейіп келеді. «Өмір жолы» жобасын енгізу Қазақстан Республикасында медициналық телекоммуникациялардың даму бағытында тағы да бір сенімді қадам жасауға мүмкіндік береді.

Қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін медициналық дабыл белгісі қызметін енгізудің берер көмегі:

- қоғамның ең әлсіз қорғалған топтарына әлеуметтік көмек көрсету;

- 65 жастан асқан адамдар арасында өлім көрсеткішін төмендету;

- өмір ұзақтығының жалпы көрсеткіштерін ұлғайту;

- әлеуметтік қызметтер жұмысын оңтайландыру;

- қоғам қызметіне инновациялық технологияларды қолдану;

- ауруханаға жатқызу мен реабилитацияға кететін бюджетті үнемдеу;

- адамдар өмірін қорғау.

Медициналық дабыл белгісінің аталмыш мүмкіндіктері 2020 жылға дейінгі ҚР Стратегиялық даму жоспарына енгізіледі, оған сәйкес:

  • 2015 жылға қарай күтілетін халық өмірінің ұзақтығы 70 жасқа дейін өседі;
  • 2015 жылға қарай жалпы өлім 15% төмендесе, 2020 жылға қарай 30%;
  • 2020 жылы көп деңгейлі әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі заманауи стандарттарға сәйкес келетін болады;
  • Халықты әлеуметтік сақтандырумен қамтудың кеңеюі қарт адамдар мен мүгедектер үшін лайықты өмір сүру жағдайын қамтамасыз етеді;
  • Әлеуметтік қызмет көрсету, мемлекеттік стандарттарды енгізу, арнайы әлеуметтік қызметтер сапасын көтеру салаларын кеңейтуге айтарлықтай көңіл бөлінетін болады.

Қазірде жобаны Республика көлемінде жүзеге асыруға барлық мүдделі қоғамдық және коммерциялық ұйымдарды, сондай-ақ бей-жай қала алмайтын азаматтарды тарту бойынша жан-жақты жұмыстар жүгізілуде.

ҚР ҰКП «Өмір жолын» қолдау мақсатында Қазақстанның бизнес-қоғамдастығына жүгінеді. Біздің міндетіміз бен мақсатымыздың жерде қалмайтынына, және ҰОС ардагерлеріне қамқорлық ісіне көпшілік азаматтардың қал-қадірінше үлес қосатынына сенеміз. Бұл фашизмді жеңген жандардың алдындағы қасиетті міндетіміз болып табылмақ.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер