astana-view

ҰКП Азық-түлік корпорациясының 3 топтағы астықты күзгі сатып алу бағасын бір тоннасы кем дегенде 35 мың теңге деп хабарлауын сұрайды

2014 жылғы 10 Қыркүйек
3530 просмотров

 

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» Акционерлік қоғамының күзгі сатып алу бағасын хабарлауын сұрайды. Бүгін бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Рақым Ошақбаев хабарлады.

Төраға орынбасарының сөзіне сүйенсек, Ұлттық палата сарапшылары астық нарығындағы ағымдағы жағдайға талдау жасау негізінде 3 топтағы «стандартты» бидайдың бір тоннасы үшін әділетті баға күзгі кезеңде кем дегенде 35 мың теңге болып қалыптасады, деп санайды. Сәйкесінше, «Азық-түлік корпорациясының» дәстүрлі күзгі сатып алуының бағасы да осы сомадан кем болмауға тиіс, деп нақтылады Рақым Ошақбаев.

Сонымен бірге, Ұлттық палата мемлекеттік сақтық қорына сатып алу көлемін 1 млн тоннаға дейін көбейту жолымен астық нарығындағы мемлекеттің қатынасуын ұлғайтуды лайықты деп санайды. 2013 жылы бұл көрсеткіштің 20,8 млн тонна түсім болған жағдайда 280 мың тоннаны құрағанын естеріңізге сала кетейік.

Сондай-ақ Рақым Ошақбаев шаруа қожалықтары мен ЖШС үшін сатып алу бағаларын орнатқанда салық аспектілерін де ескеруді ұсынады.

«ҚҚС төлеушілер болып табылмайтын фермерлік шаруашылықтардан астықты сатып алу бағасын орнатқанда ҚҚС төлеуші заңды тұлғаларға арналған бағамен салыстырғанда ҚҚС толық сомасына деген айырмашылық емес, тек 3-4% шегінде ғана ескерілуге тиіс, себебі ҚҚС төлеуші астық өндірушілерде салық жеңілдігі бар, оған сәйкес төленетін ҚҚС сомасы олар үшін 70% төмендетіледі және іс жүзінде есептелген салық сомасынан көп дегенде 4 % құрайды», - деп түсіндірді Рақым Ошақбаев мырза. 

Ұлттық палатада астық сапасына қарай сатып алу бағасына саралау енгізуді сұрайды, яғни сапа бойынша сатып алудың екі бағасын хабарлау қажет: бірі «стандартты» бидай үшін, келесісі жоғары сапалы бидай үшін.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер