astana-view

Ұлттық палата Еуразиялық экономикалық одақтың Негізгі экономикалық даму бағыттары жобасын жеңілдетуді ұсынады

2014 жылғы 11 Қыркүйек
4208 просмотров

 

Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартқа сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің Негізгі экономикалық даму бағыттарын дайындау бойынша жұмыс жүргізілуде.

ЕАЭО туралы Шартты қабылдағанға дейін КО және БЭК елдерінің экономикалық дамуын жоспарлаудағы негізгі құжат жыл сайынғы негізде қабылданатын Негізгі макроэкономикалық саясат бағдарлары болып табылды.

Еуразиялық экономикалық комиссия ұсынған бағыттар ЕАЭО елдерінің 2030 жылға дейінгі кешенді экономикалық құжаты болатынын атап өту керек. Онда экономиканың негізгі салаларының басты даму бағыттары реттемеленген. Атап айтқанда, көлік, мұнайды қайта өңдеу, сирек кездесетін металдар, білдек құрылымы, жеңіл автомобильдер өндірісі, авиациялық өнеркәсіп сияқты салалар.

Талқылау барысында Палата құжаттың күрделілігін, оның артық жерлерінің көптігін, қол қойылып қойған ЕАЭО туралы Шарттың функционалдық бөлігі бағытын қайталау кездесетінін бірнеше мәрте атап өтті.

Бүгінгі күні құжат жобасының аясында 9 бағыт пен шамамен 130 интеграциялық шара қарастырылуда.

Көлемінің үлкендігі, құжат міндеттерінің, бағыттарының, әсерлерінің және көрсеткіштерінің шамадан тыс егжей-тегжейлілігі оның оралымдығы мен іске асуына қатысты бизнес-қоғамдастықтың алаңдаушылығын тудырып отыр.

Негізгі бағыттар жобасында бірқатар жағдайларда ЕАЭО туралы Шартпен тікелей қарастырылмаған ережелер қарастырылған.

Палатаның ойынша, мұндай стратегиялық тұрғыдан маңызды құжат қысқа да нұсқа, жаһандық ойларды, ЕАЭО экономикалық дамуының ұзақ мерзімдік бағыттары мен  негізгі басымдылықтарын көрсететін дүние болуға тиіс.

Еуразиялық экономикалық одақтың Негізгі экономикалық даму бағыттары жобасымен мына жерде танысуға болады.

КО және БЭК ең үлкен интеграциялық әлеуетіне ие экономиканың бірінші кезектегі салаларын талдаумен мына жерде танысуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер