astana-view

Кеден одағында тауарларды таңбалауды енгізудің қазақстандық кәсіпорындарға кесірі тиюі мүмкін

2014 жылғы 11 Қыркүйек
3919 просмотров

 

Қазақстанның Жеңіл өнеркәсіп және сауда кәсіпорындары қауымдастығының өкілдері дабыл қағуда. Еуразиялық одақ нарықтарындағы контрафактіні жеңуге арналған жеңіл өнеркәсіп тауарларын таңбалаудың жаңа ережелері отандық өндіріске залалын тигізіп, сауданы қиындатып жіберуі мүмкін. Бұл шешімнің экономикалық тұрғыдан лайықтылығы әлі күнге дейін дәлелденген жоқ, деп мәлімдейді Ұлттық кәсіпкерлер палатасында (ҰКП). Қазақстанның үкіметі бұл мәселе төңірегіндегі ақтық ұстанымын әзірше жасап шыққан жоқ. Сонымен бірге Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) деңгейінде бұл ережелерді барлық халықтық тұтыну тауарларына кеңейту жайлы әңгіме де жүріп жатыр.

Үстіміздегі жылдың 28 сәуірінде ЕЭК «Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің жекелеген түрлерін таңбалау жүйесін бірыңғай кеден аумағында қалыптастыру және қолдану бойынша ұстанымдар туралы» деп аталатын №28 Шешімін қабылдады. Шын мәнісінде, бұл құжат Еуразиялық одақ аумағында, экспортқа кететіндерді қоспағанда, жеңіл өнеркәсіп тауарларының барлығын таңбалау жүйесін қалыптастыру үшін іргетас болуға тиіс.

Бір қарағанда игі іске жетелейтін идея – ортақ нарықты контрафактілі өнімнен қорғаштау. Алайда әзәзіл егжей-тегжейіне тығылыпты және бұл шешімнің Қазақстан үшін қандай айналым алатыны үлкен сауал тудырады.

Контрафактімен күресеміз деп алып, ЕЭК-тегі ресейлік және белорустық өкілдер тауарларды басқалардан, ең алдымен, қымбаттығымен ерекшеленетін RFID-таңба базасында таңбалауды енгізуді ұсынып отыр.

«Мұндай таңбалауды соқтырудың өзіндік құны тауар бірлігі үшін 15-20 теңге аралығында түрленеді. Көптеген тоқыма бұйымдардың нарықтық құны төмен бағамен және үлкен импорттық құрамдастармен ерекшеленетін болғандықтан, заңнамалық деңгейде RFID-таңбалауды енгізу отандық өндірушілер мен сауда кәсіпорындарының қаржылық жай-күйіне салмақты зиян келтіруі мүмкін», - деп мәлімдеді ҚР ҰКП өкілі.

Қазақстанның Жеңіл өнеркәсіп қауымдастығының мәліметіне сүйенсек, отандық өндірістің қазіргі күйі де мәз емес. Сонымен, отандық өндіріс ішкі нарықтың шамамен 12%-н және аяқ киім нарығының шамамен 1%-н қамтамасыз етеді, деп атап өтеді кәсіптік бірлестіктер. Қалғаны импорттың үлесінде екен, дейді ондағылар.

Өндіру мәселелерімен бірге, ҚР ҰКП-да нақтылағандай, бұл қосымша осы өнімді көтерме-бөлшек саудалаушылардың мүддесін қозғайды екен. «RFID  технологиясы базасында жеңіл өнеркәсіп тауарларын таңбалау жүйесін енгізу сатушыларды өз есебінен арнайы есептеу құрылғыларын сатып алуға мәжбүрлейді. Олардың құны шамамен €800-€2500 аралығында болады», - деп атап өтті Сауда кәсіпорындары қауымдастығында.

Бұл жерде RFID-таңбаларды өндіретін зауыттардың Ресей мен Белорусьте ғана бар екенін ескерте кету керек. RFID технологиясы базасында жаңа таңбалауды енгізген жағдайда отандық өндірушілер мен импорттаушылардың ақшасын беріп тұріп, кімге бас иетіні түсінікті. Ал мұнда ақша да аз жұмсалмайды.

QR-код базасында Қазақстанда тауарларды маркалаумен айналысатын және RFID балама ретінде өз қызметтерін ұсынатын «Универсал» ЖШС мәліметтеріне сүйенсек, бір ғана темекі нарығы бойынша тапсырыстар көлемі жылына 20 млрд теңге мөлшерінде бағаланады екен. Және де бұл бір QR-код 10 теңге деп есептегенде.

Бұл жағдайда осы таңбалауларды соғу және өндіру түріндегі миллиардтаған шығынның бизнесмендер мен тұтынушылар мойнына жүктелетінін түсіну үшін, артық ақылдың қажеті жоқ. Бұл онсыз да енді тамыр жайып келе жатқан өндірістің жағдайын нашарлатып жібереді. Ал егер Қазақстанның халық тұтынатын тауарлардың көпшілігі бойынша импортқа тәуелді екенін ескеретін болсақ, онда контрафактімен арадағы проблема Ресей Мен Белорусьтағыдай қауіпті де емес. Өндірісті соншалықты қатаң бақылау мәселелерінде осы елдердің жетегінде жүрудің не қажеті бар екені төңірегіндегі сауал жауапсыз қала береді.  

Дегенмен де, бизнес бұл мақсатта жыл сайынғы негізде миллиардтаған теңге жұмсайтын болса да, біз немен, қалай күресіп жатқанымызды білмейтін де боламыз. ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасында тікелей мәлімдегендей – осы тұрғыдағы экономикалық есептеулерді ЕЭК әлі күнге дейін ұсынған жоқ. Басқаша айтқанда, бастамашылардың қолында Қазақстанда өндірілетін контрафактілі өнім көлемі туралы мәлімет жоқ. Бұл жағдайда отандық бизнеске таңып отырған осы таңбалауды енгізудің тиімділігі қалайша бағаланбақшы. 

Анықтама үшін еске сала кетейік, ҚР ҰКП ерекше мән беріп отырғандай, Қазақстанда контрафактімен акциздер көмегімен күрес механизмі әлдеқашан қолданысқа енгізілген. Негізделген есептеу болмаған жағдайда, отандық өндірістер мен импортшылар үшін бизнесті жүргізу шарттарын қиындатудың не мағынасы бар, деген сауалдарға жауап іздеуде бизнес-қоғамдастық өкілдері.

«ЕЭК келтіріп отырған негізгі дәлел – осы таңбалауды 8 жыл бойы қолданып келе жатқан Белорусь тәжірибесі. Біз қатысқан отырыстарда таңбалаудың осы жүйесін енгізудің нарықтағы контрафактілі өнім үлесінің қозғалысына, өндіріске, сондай-ақ бюджетке төлемдердің өсуіне қалайша әсер еткені жайлы сауалдар болды», - деп баса айтуда ҚР Ұлттық палатасында.

Таңбалаудың өзінің қымбаттығы мен оны Қазақстанда енгізуден болатын экономикалық мақсатқа лайықтылықты есептеудің жоқтығын ескере отырып, асығыс шешім қабылдау отандық өндіріске соққы келтіруі мүмкін. Ал бұл жағымсыз әлеуметтік көрініс береді, деген ойда ҰКП.

Оның үстіне, ҰКП өкілдері атап өткендей, ЕЭК-те таңбаланатын тауарлар аясын барлық халықтық тұтыну тауарларына кеңейту идеясы айтылуда. Қазақстанның осындай тауарлардың көпшілігі бойынша импортқа тәуелді ел болып отырған жағдайында, бұл КО елдеріндегі, ең алдымен Ресейдегі, бәсекелестердің Қазақстанға басқыншылықты күшейтуіне мүмкіндік береді. 

«Мәселе басым түрде әйелдер, мүгедектер мен халықтың әлеуметтік осал топтарының басқа да санаттары жұмыс жасайтын отандық жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының тіршілік етуі жайлы болып отыр», - деп баса айтуда ҚР Жеңіл өнеркәсіп қауымдастығында.

RFID-таңбалауды енгізген жағдайда Қазақстан аумағында оның жұмысын бағдарламалық қамсыздандыруды әзірлеуші болуы ақтимал «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ да проблеманы мойындап отыр. «Қазірде түрлі технологиялар базасында жеңіл өнеркәсіп тауарларын сертификаттауды енгізуден әсерлердің экономикалық есептеулерін жүргізу мәселесі сөз болуда», - деп қосты ҰКП өкілі.

Қорыта келіп, Қазақстан президентінің Еуразиялық одақ барлық шешімдер консенсус негізінде қабылданатын экономикалық бірлестік болып табылады, деген сөзін еске салғымыз келеді. Және де Ұлттық кәсіпкерлер палатасы таңбалау институтын енгізуге қарсы екенін тікелей мәлімдеуде.

Министрлер кабинетінде, одан әрі ЕЭК-те қазақстандық бизнестің жан айқайы есіле ме, жоқ па, әзірше белгісіз. Қазақстанның бизнес-қоғамдастығының үкіметке жолдаған жеңіл өнеркәсіп тауарларын таңбалауды енгізу мәселесін еріктілік қағидасы бойынша ұлттық деңгейге шығару жөніндегі барлық ұсыныстары жауапсыз қалуда. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер