astana-view

Армения Еуразиялық экономикалық одаққа қазан айында қосылады

2014 жылғы 16 Қыркүйек
4352 просмотров

 

Үстіміздегі жылдың қазан айында 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартқа Армения Республикасының қосылуы туралы Шартқа қол қойылады деп күтілуде.

Осылайша, Армения Еуразиялық экономикалық одақтың жаңа мүшесі болады: ЕАЭО туралы Шартқа, сондай-ақ Кеден одағы және Бірыңғай экономикалық кеңістік аясында жасалған 29 халықаралық шартқа, қосылады.

Армения үшін ЕАЭО Бірыңғай кеден тарифі баждарының мөлшерлемелеріне және жекелеген салалардағы бірқатар алып тастауларға қатысты өтпелі кезең қарастырады:

- қызмет көрсету нарығы бойынша 4 «көлденең» алып тастау;

- қаржы нарығы бойынша 9 шектеу;

- өнеркәсіп бойынша 1 алып тастау (2017 жылға дейінгі жеткілікті деңгейде қайта өңдеу өлшемдері).

Сонымен қатар, Армения Республикасы мен ЕАЭО елдері арасындағы ортақ шекараның жоқтығын ескере отырып, кеден аумағы болып табылмайтын аумақтар арқылы ЕАЭО аясында тауарлар мен көлік құралдарын алып өту ерекшеліктері анықталды (Қосымша №5).

2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартқа Армения Республикасының қосылуы туралы Шарт жобасымен мына жерде танысуға болады.

Анықтама:

Армения Республикасы Азияның батысында, Кавказ бен Алдыңғы Азия арасындағы Армян таулы өлкесінің солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Солтүстігінде Грузиямен; шығысында Әзербайжанмен; батысында және оңтүстік-батысында Түркиямен; оңтүстігінде Иранмен шектесіп жатыр.

Аумағы - 29743 ш. км (Бельгия және Албания аумақтарына жуық).

Халқы - 3017.4 мың адам (01.01.2014ж. ахуалы бойынша)

Астанасы - Ереван.

Мемлекеттік тілі – армян тілі.

Ұлттық валютасы - драм (халықаралық мәні AMD).

ЖІӨ - 10,4 млрд. АҚШ доллары (2013 жыл).

2003 жылғы 5 ақпанда Армения Дүниежүзілік Сауда Ұйымына мүше болды.

2013 жылы Қазақстан мен Арменияның сыртқы сауда айналымы 7 679,2 мың АҚШ долларын құрап, 2012 жылмен салыстырғанда 52% ұлғайған. Қазақстаннан Арменияға экспорт көлемі 2013 жылы - 805,1 мың АҚШ долларын құраса, Армениядан Қазақстанға импорт 2013 жылы 6 874,1 мың АҚШ долларын құраған.

Қазақстаннан Арменияға экспортталатын негізгі тауар мұнай және газ тәріздес көмірсутектер, макарон өнімдері, көшірме қағазы болып табылады.

Қазақстанға Армениядан әкелінетін негізгі тауарлар этил спирті, зергерлік бұйымдар, ескерткіштер немесе құрылыс үшін өңделген тас (тақтатастан басқа), тас, керамика, бетон өңдеуге арналған білдектер, су, соның ішінде минералды және газдалған су болып табылады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер