astana-view

Металлургтер саланы мемлекеттік қолдау шаралары бойынша ұсыныстарын жеткізді

2014 жылғы 19 Қыркүйек
3474 просмотров

 

Республикалық тау-кен өндіру және тау-кен металлурия қауымдастығының атқарушы директоры Николай Радостовец ОКҚ брифингінде сөз ала отырып, тау-кен металлургия саласын мемлекеттік қолдау шаралары бойынша бірқатар мәселелер мен ұсыныстарды айқындап берді.

Оның сөзіне сүйенсек, қазірге кезде ірі индустриялық нысандар (сонымен қатар тау-кен металлургия кешенінің де жобалары) Қытай және Ресей Федерациясы тарапынан сыртқы қаржыландыруға жүгіну қажеттігіне тап болып жатады.

«Бүгінгі таңдағы жағдай бұл проблемаға жаңадан қарауға мәжбүрлейді. Бәлкім, ірі индустриялық жобаларды кредиттеу үшін зейнетақы қорының қаражатын қолдану мәселесіне қайтып оралу, сонымен қатар Елбасының тапсырмасымен өңдеу өнеркәсібін дамыту үшін Ұлттық қордан бөлінген 1 триллион теңгені қолдану механизмін қайтадан мұқият қарау қажет шығар», - дейді Николай Радостовец.

Қазақстан аумағында бұрыннан әрекет етіп келе жатқан, жетілдіру және кеңейту бойынша жоспарлары бар өндірістерді қолдау қажеттігі туралы да айтылды. Аталып өткендей, Қазақстанның өткен ғасырда тұрғызылған ірі металлургиялық кәсіпорындарын көлемді түрде қайта инновациялау қажет. Сонымен бірге қауымдастық басшысы әрекеттегі өндірістерді жетілдіруге инвестициялардың көлемінің жаңа ірі зауыттарды салуға кететін инвестициялармен деңгейлес екендігін айта кетуді ұмытпады.

Осыған орай Николай Радостовец салық жеңілдіктері мен үстіміздегі жылдың 12 маусымында қол қойылған «Инвестициялық климатты жетілдіру мәселелері бойынша» заңда қарастырылған өзге де жеңілдіктердің әрекеттегі өндірістерді жетілдіру бойынша жобаларға да таралуын ұсынды.

Жер қойнауларын пайдаланушылардың дивидендтеріне салық салудың әрекеттегі тәртібі жайлы мәселе де қозғалды.

«Дивидендтерге салық салудың әрекеттегі тәртібі бизнесті жүргізуде теңсіздік шарттарды жасап қана қоймай, іс жүзінде әлемдік тәжірибеде бірегей болып табылады. Себебі жетекші өндіруші елдерде де, КО және БЭК бойынша Қазақстанның серіктестерінің заңнамаларында жер қойнауларын пайдаланушылардың дивидендтерін салық салу мақсаттары үшін жеке санатқа бөлу тәжірибесі жоқ», - деп атап өтті Республикалық тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындары қауымдастығының атқарушы директоры Николай Радостовец. 

Осы арнайы төлемдер мен салықтар қазақстандық жер қойнауларын пайдаланушы кәсіпорындар үшін қосымша жүктеме болып табылады. Сонымен бірге олар өңірлердегі әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына айтарлықтай инвестициялар салып отырады.

Сондықтан да, қауымдастықтағылардың ойынша, олардың дивидендтерін басқа салық төлеушлерге қатысты қолданылатындай салық салудан босатқан әділетті болар еді. Бірақ ол үшін салық заңнамасына түзетулер енгізу қажет.

Сонымен қатар, Николай Радостовец атап өткендей, бүгінде жер қойнауларын пайдаланушылар әкімдіктермен өзара ынтымақтастық туралы меморандумдар бойынша әлеуметтік сала нысандарын ұстау бойынша зор шығындарға батуда. Сонымен бірге бұл шығындар шегерімдерге жатқызыла алмайды. Осыған орай Қауымдастық ТМК кәсіпорындарының әлеуметтік инвестицияларын ынталандыру мақсатында шегерімдер бойынша лимитті 3-тен 7 пайызға дейін ұлғайтуды лайықты деп санайды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер