astana-view

Техникалық реттемелерді дайындау жоспары қайта қаралмақшы

2014 жылғы 23 Қыркүйек
3616 просмотров

 

2014 жылғы 18 қыркүйекте Мәскеуде Еуразиялық Экономикалық комиссия Кеңесінің кезекті отырысы өтті. Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев бастап барды. Отырыстың күн тәртібі мәселелерін талқылауға Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан техникалық реттеу департаментінің директоры Сергей Радаев қатысты.

2014-2015 жылдарға арналған Кеден одағының Техникалық реттемелер жоспарын қабылдау төңірегінде орын алған пікірталас барысында  Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мен Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму жөніндегі министрлігі ҰКП-ның Кеден одағының техникалық реттемелерінен мына КО ТР алып тастау туралы ұстанымына қолдау көрсетті:

- «Мұнай және оны қайта өңдеу өнімдері көрсеткіштерін өлшеу құралдарына қойылатын талаптар туралы»;

- «Су, газ, жылу энергиясы, электр энергиясын есептеу жүйелері мен құралдарына қойылатын талаптар туралы»;

бұл реттемелерді дайындаудың мақсатқа лайықсыздығы себебінен және бұл құралдар өнімнің ерекше тобы болып табылатындығына және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы ұлттық заңнамамен реттелетіндігіне байланысты, және де бұл заңнаманың нормалары КО ТР көрсетілген ережелерге қайшы келеді.

Сонымен, Өлшем құралдарының типін бекіту тәртібінің жобасына сәйкес (Өлшем бірліктерді қамтамасыз ету туралы келісімге), типті бекіту мақсатындағы сынақтар бойынша жұмыстар техникалық реттемелерде орнатылғандай, өтінім берушінің таңдауы бойынша аккредиттеуден өткен зертханалармен емес, тараптардың ұлттық заңнамаларына сәйкес (Қазақстанда – мемлекеттік метролоиялық қызметпен) жүргізіледі.

- «Метрополитеннің қозғалмалы құрамының қауіпсіздігі туралы»;

- «Жеңіл рельсті көлік, трамвайлар қауіпсіздігі туралы», метрополитендер мен жеңіл рельсті көлік нысандары өзара жеткізілетін өнім болып табылмайтындығы және тасымалдаулардың бірыңғай технологиялық циклына қатыспайтындығы себебінен.

- «Суды тазалау және суды даярлау жүйелері тұрғысындағы суға қойылатын талаптар туралы», қазіргі  күнге дейін дайындаушы осы КО ТР ықпалына техникалық реттеудің қандай нысандары жататындығын анықтамағандығына байланысты.

Инвестиция және даму Вице-министрі Альберт Рау Кеңес мүшесі ретінде оларға қатысты Кеден одағының аясындағы міндетті талаптар орнатылатын Өнімдердің бірыңғай тізбесін қалыптастыру және енгізу тәртібін дайындау және қабылдауға дейінгі Жоспар жобасын бекітудің мерзімінен бұрын болып отырғанын атап өтті.

Техникалық реттемелерді дайындау жоспары бойынша айтарлықтай келіспеушіліктер себебінен, Кеңесте төрағалық етуші Игорь Шувалов ЕЭК Алқа Төрағасы Виктор Христенкоға келіспеушіліктерді алып тастау үшін Тараптардың мемлекеттік басқару органдары және Ресей, Белорусь Қазақстан бизнес-қоғамдастықтары өкілдерінің көзбе-көз жиналысын өткізуге тапсырма берді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер