astana-view

ҰКП жанындағы Сыбайлас жемқорлық және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес жасаған жұмысы туралы есеп берді

2014 жылғы 24 Қыркүйек
3680 просмотров

 

Бүгін Астанада Сыбайлас жемқорлық және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес басшылығы ҰКП Төралқа басшысы Тимур Құлыбаевқа атқарылған жұмыстары жайлы ақпарат берді.

Алғашқы отырысы үстіміздегі жылдың 19 мамырында өткен Кеңес қызмет етіп келе жатқа қысқа мерзім ішінде 12 жүгінім бойынша шешім қабылдаған. Қазіргі уақытта өкілетті мемлекеттік органдар ҰКП анықтаған бұзушылықтарды жою жұмыстарын жасауда, сондай-ақ оларға жол берген лауазымды тұлғаларға қатысты шаралар қолдануға тиіс.  

Сыбайлас жемқорлық және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесті басқарушы Азат Перуашев бүгін бұдан біршама бұрын ҰКП-да талқыланып кеткен мемлекеттік сатып алулардың проблемалы мәселелеріне ерекше назар аударды. Азат Перуашев нақты мысалдар келтірді, атап айтқанда, Ұлттық палата жүргізген қорғаныс қажеттіліктері үшін заттай мүлікті жеткізу бойынша мемелкеттік қорғаныс тапсырысын қалыптастыру, орналастыру және орындау процедураларына талдау қорытындыларын ұсынды. Бұл саладағы сатып алу процесінің ашық еместігімен байланысты проблемалар анықталған. Тапсырыстардың заңсыз СТ-K сертификаттарын ұсынған жеткілікті өндірістік қуаттылығы мен қажет деңгейдегі тәжірибесі жоқ кәсіпорынға берілгені анықталды.  

Қазір ҰКП құқық қорғау ведомстволарының (ҚМ, ІІД, Ұлттық гвардия) өкілдерімен бірлесіп қорғаныс қажеттіліктері үшін заттай мүлікті өндіруге және жеткізуге тапсырыс механизмін жетілдіру мақсатында қолданыстағы НҚА өзгертулерді дайындауда. Сонымен бірге ҚР БП бас әскери прокуратурасы анықталған жағымсыз деректерді тергеуге дейінгі тексеру жүргізуде.

Маусым айының соңында ҰКП қатысуымен талқыланған деоффшорлау проблемасы бойынша Қаржы министрлігі капиталды шығару және салық жалтаруларына қарсы бағытталған іс-шараларды, бақылауға арналған ақпараттың толықтығын қамтамасыз етудің Кешенді жоспарын ұсынды. 2014-2020 жылдарға арналған Экономиканы деоффшорлау бойынша бұл жоспар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша стратегияға енгізілді.

Сыбайлас жемқорлық және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес басшысы кәсіпкерлердің Палатаға жүгінімдеріндегі проблемаларды шешу бойынша жұмыс нәтижелерін ұсынды. Мысалы, шілде айында өткен алдыңғы отырыста Кеңес 5 мәселені қарастырған, оның ішінде мүлікті рейдерлік тартып алуға, Алматы және Астанадағы жекелеген лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттеріне қатысты, электронды сатып алулар барысындағы бұзулар, сондай-ақ Маңғыстау облысындағы бюджет қаражатын ысырап етуге қатысты мәселелер. Қарастырылған мәселелердің ішінен төртеуі бойынша құзыретті органдар жұмыстар жүргізіп, істің сотта қаралуы бастамаланды. Ал  Маңғыстаудағы қаражатты тиімсіз пайдалану проблемасы қайтадан қаралмақшы. Сонымен қатар 26 қыркүйекке жоспарланған Кеңестің келесі отырысының күн тәртібіне кәсіпкерлердің заңды құқықтары мен мүдделерін бұзуға шағым жасалған жаңа алты өтінішті қарау енізілген. Республикада өткізіліп жатқан жекешелендірудің ашықтығын талқылау жеке тармақта тұр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер