astana-view

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Мемлекеттік сатып алулар туралы» заң жобасының жаңартпаларымен жұмыс жасауда

2014 жылғы 24 Қыркүйек
3486 просмотров

 

Бүгін Астанада ҰКП-да Тимур Құлыбаевтың төрағалығымен жұмыс жиналысы өтіп, оның барысында мемлекеттік сатып алулар туралы жаңа заң жобасы талқыланды.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Қаржы министрлігі ұсынып отырған жаңалықтардың бірі – 250 млн. теңгеден жоғары сатып алулар үшін қолданылатын екі кезеңдік байқауларды өткізу. Бірінші кезеңде ҰКП және аккредиттеуден өткен салалық қауымдастықтар тауарлар, жұмыстар және қызметтердің әрбір түрі бойынша Білікті жеткізушілер тізілімін қалыптастырады. Екіншісінде – тапсырыс берушілер сатып алуларға қатысуға білікті жеткізушілерді шақырып, ең тиімді ұсыныс негізінде сатып алулар туралы шешім қабылдайтын болады. Сатып алуларды ұйымдастыруға деген осындай екі кезеңдік тұрғыдан келу әлеуетті жеткізушілердің біршама кең көлемін тартуға мүмкіндік береді, сондай-ақ байқауларға қатысушы компаниялардың құжатты бірнеше мәрте ұсынудан құтылуына көмектеседі.

Қаржы министрлігі Корея мен Италияның табысты тәжірибесін пайдалануды ұсынды. Онда тауарларды сатып алулардың интернет-дүкен формасындағы автоматтандырылған тәсілі енізілген. Қазақстандық нұсқада сатып алулардың мұндай тәсілін сатып алынатын тауарлардың жылдық көлемі 8 млн. теңгеден аспаған жағдайда қолдану ұсынылды. Жеткізушілер өз өнімдері бойынша ақпаратты электронды каталогқа орналастыра алатын болса, тапсырыс берушілер болса, сапасы жөнінде, бағасы жағынан да көңілінен шығатын жеткізушіні таңдай алады. Бұл жағдайдағы Ұлттық палатаның функцисы баға дәлізін бақылау болмақшы.

Қаржы министрлігі құрылыс бойынша шарттарды орындауда қаражатты жұмсауды есептеу мен бақылаудың жаңа тәртібін ұсынады. Тапсырыс беруші жеткізушінің арнайы шотына шарт құнынан 50% депозитке салатын болады, оның үстіне бұл ақшаны сәйкес жұмыстар белсендірілген кезде ғана қолдану мүмкін болады. Бұл норма төлемдерді кешіктіруді болдырмауға мүмкіндік береді.

Ұлттық палата FIDIC халықаралық тәжірибесінде қолданылатындарға ұқсас, мемлекеттік сатып алулар саласындағы құрылыс келісім-шарттарының үлгілік формаларын енгізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынып отыр.

Сонымен қатар, ашық қол жетімділікте қазіргідей бір жылдың емес, үш жылдық кезеңнің сатып алулар жоспарын орналастыру ұсынылды. Онда орта мерзімдік кезеңдегі бюджеттік инвестициялық жобалар аясындағы сатып алынатын тауарлар, жұмыстар және қызметтер туралы ақпарат берілетін болады.

Тимур Құлыбаев ұзақ мерзімдік келісім-шарттар жасасуда жеткізушілердің бағалары коммерциялық, яғни бәсекее қабілетті болуына ерекше назар аударды. Мемлекеттік органдар құжаттардың жоспарлау кезеңінен бастап шартты орындауға дейінгі өзара байланысын қамтамасыз ету үшін сатып алулардың сәйкестендіру кодын енгізу туралы Палатаның ұсынысын қарастыруда.

Ұлттық палата кәсіпкерлер құқығын бұзған жағдайдағы апелляция жүйесін және сатып алу процесін бақылауды жетілдіруді алға тартуда. Заң жобасын дайындаушы бақылаушы ретінде сараптама және байқау комиссияларының құрамына өз өкілдерін қосу туралы ҰКП бастамасына қолдау көрсетті. Сонымен бірге Төралқа басшысы Палатаның коммерциялық процестерге араласпайтындығын баса айтты.

«Ұлттық палата сатып алулар процесінің өзіне тартыла алмайды және тартылмауға тиіс. Біз өзімізге (ҰКП - еск.) кәсіпкерлік мүдделерін қорғау, сатып алуларды өткізудің ашықтығын қамтамасыз ету функцияларын аламыз», - деп атап өтті Тимур Құлыбаев.

ҰКП ШОБ субъектілері – адал жеткізушілерді (Палатаның сәйкес Адал ниетті жеткізушілер тізіліміне енгізілген) шартты орындауды қамтамасыз  етуді енгізуден босату туралы мәселені көтерді.

Келесі бір маңызды тұс – ҰКП шарт міндеттемелерін бұзған немесе тиісінше орындамаған жағдайда тапсырыс беруші мен жеткізуші үшін тепе-тең айыппұл шараларын орнатуды ұсынады. ҰКП ойынша, сонымен қатар бір жақты тәртіпте тапсырыс берушімен шартты бұзу талаптарын нақты реттемелеу, сондай-ақ жасалған шарттар бойынша бағаларды қайта қарау тәртібін жасау қажет.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер