astana-view

Мемлекеттік сатып алулар өзіміздікілер үшін ғана ма?

2014 жылғы 25 Қыркүйек
- Шығыс Қазақстан облысы
9099 просмотров

 

Шығыс Қазақстанда құрылыстағы мемлекеттік сатып алулар байқауларын жүргізу кезінде бірқатар маңызды ескертпелер анықталды. Мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырушылар байқау құжаттамасын көбінесе қажет техниканың айтарлықтай асырып көрсетілген тізбесімен дайындайды.

Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңестердің бірлескен отырысында ШҚО Кәсіпкелер палатасының директоры Игорь Шацкий осылай деді.

Оның айтуынша, Шығыс Қазақстанда техникалық спецификаттауға әлеуетті жеткізушілердің көпшілігі мүлдем орындай алмайтын талаптар жазылатын деректер көптеп кездеседі.

Сонымен, мысалы, «ШҚО Жарма ауданы Жаңғызтөбе ауылындағы 300 орындық орта мектеп құрылысы» нысанында жұмыс жасаған кезде көлеңкелі қалқа құрылысы үшін 32 тоннаға дейінгі көлемдегі жүк көтеретін белдікті типтегі көтергіштер, 16 және 40 тоннаға дейінгі жыланбауыр жүрісті көтергіштер, сондай-ақ 100 тоннаға дейінгі гидравликалық домкраттардың болуы қажет етілген.

«Жұмыстарды 16 тоннаға дейінгі әдеттегі автокөтергіштер көмегімен жүгізу мүмкін болғанда, мұндай көтергіштердің міндетті түрде қажет болуы қандай мақсаттарда қарастырылғаны түсініксіз», - деген сауалға жауап іздеуде Игорь Шацкий.

Ол сонымен қатар бұл проблемалардың құрылыстағы мемлекеттік сатып алулардың барлық байқауларына тән екендігін және бір ғана компанияның үнемі жеңіске жетіп отыратындығын атап өтті. «Мемлекеттік сатып алулар бұл соққы, бұл шығыстағы бұзушылықтардың маңдай алдысы», - деп қорытты ҰКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес төрағасы Ғани Қасымов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер