astana-view

Ресей-Қазақстан Іскерлік кеңесі: мүмкіндіктері мен келешегі

2014 жылғы 29 Қыркүйек
3553 просмотров

Атырауда Ресей-Қазақстан Іскерлік кеңесінің отырысы өтіп жатыр.

Мұнда ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен РФ Сауда-өнеркәсіп палатасымен өзара әрекеттестік мәселелері, атап айтқанда, қазақстандық өнімнің ресейлік өңірлік нарықтарға экспортына, РФ және ҚР экспортшыларының өзекті мәліметтер базасын құруға қатысты, сондай-ақ  бірлескен кооперация бойынша басқа да маңызды мәселелер талқыланды.

Іскерлік кеңес отырысын ҚР ҰКП Басқарма мүшесі- Басқарма Төрағасының орынбасары Рахым Ошақбаев ашты. Өз сөзінде Рахым Ошақбаев ел басшылығының Бірыңғай экономикалық кеңістікті құру аясында Қазақстанда жүргізген  реформаларының жемісі қазақстандықтар ғана емес, оның құрамындағылардың барлығының игілігіне жарауға тиіс екендігін, атап өтті.

 

«Ресейлік әріптестерге қазіргі таңдағы Қазақстанның мүмкіндіктері мен, әлеуетін белсендірек зерттеп-білуге кеңес бергім келеді. Бұл жөнінен бизнес субъектілеріне ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы көмектеседі. Палатаның құрылуы кәсіпкерлік дамуындағы кезекті, өте салмақты кезең болды, себебі заң жүзінде кәсіпкерліктің мүддесін қозғайтын барлық нормативтік-құқықтық актілерді сараптауға шексіз құқыққа ие идеялық тұрғыдан үлкен ұйым құрылған болатын. Бұл механизм өте тиімді және ұлттық қана емес, ұлттықтың үстіндегі кезеңде де ықпалы зор. Қазірде, негізінде, Үкіметте бірде-бір ерекше маңызды экономикалық шешім ҰКП тарапынан болатын салмақты консультация мен сараптамасыз қабылданбайды, және де көптеген бизнесмендер, кәсіпорындар мен қауымдастықтар реттеушілермен сұхбат үшін ықпалы зор тетік екендігімізді көріп отыр», - деп баса айтты Рахым Ошақбаев.

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары атап өткендей, шетелдік компаниялар Ресейге қатысты енгізілген экономикалық ықпалшаралар салдарынан Қазақстанға қызығушылық танытуда.

«Ықпалшаралар, менің экономист ретіндегі ойым, бұл жақсы дүние емес, әрине. Бірақ, ерекше атап өткім келетіні, біздің Үкімет аса кәсібилікпен әрекет етуде», - деп баса айтты Рахым Ошақбаев.

Капиталдың жылыстауы мен экономикалық өсімнің төмендеуіне жол бермес үшін, бірқатар салмақты, превентивтік шаралар қолданылуда. Яғни капиталдың келуін ынталандыру үшін, капиталды кешіру, заңдастыру бойынша шаралардан бастады.

«Елбасының бастамасы бойынша салық жеңілдітерін, және де инвестициядан отыз пайызды өтеу, яғни инвестициялық субсидияларды қарастыратын инвестициялар туралы Заң қабылданды. Қазірде біз, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, өз деңгейімізде Қазақстанда қандай бизнес түрін жүргізуге болатынына қатысты шетелдік компаниялар мен олардың елшіліктерінің салмақты сұранысын көріп отырмыз», - деп атап өтті ҚР ҰКП Басқарма басшысының орынбасары.

Оның ойынша, егер ағымдағы ықпалшаралар мен жағдайлар Ресейде бизнес жүргізу үшін проблема тудырып отырған болса, онда Қазақстанның бірыңғай кедендік аумақтың бір бөлігі болып табылатындығын ұмытпауға тиіс, ал бұл тауарлардың еркін ауысуын білдіреді.

«Және де Ресейде бизнесін жүргізу қиындыққа түсетін көптеген шетелдік компаниялар үшін, біздегі жағымды бизнес-климат пен төмен салықтар шартында осындай өндірісті неліктен Қазақстанға жеткізбеске, деген қисын айқын көрінуде», - деген ойда Рахым Ошақбаев.     

Атырау облысы басшылығының атынан Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсембаев сөз алды. «Жағымды инвестициялық климат себебінен өңіріміз Қазақстандағы инвестициялар тартудың негізгі орталықтарының бірі болып табылады. Өткен жыл ішінде негізгі капиталға инвестициялар көлемі 5,7 млрд. АҚШ долларын құраса, ал сыртқы сауда айналымы 29 млрд. АҚШ долларын құраған.

«Елдер арасындағы берік достастық тауар айналымынан жағымды көрініс беруде. Оның көрсеткіші үстіміздегі жылдың өткен 6 айында 209 млн. долларды құраған. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңінен 18 пайызға жоғары. Облыста 170 кәсіпорын ресейлік капиталдың қатысуымен табыспен жұмыс жасауда», - деп хабарлады Ғұмар Дүйсембаев.

Облыс басшылығы Іскерлік кеңестің жаңа бірлескен кәсіпорындар құруға, тауар айналымының көбеюіне және инвестициялар тарту үшін бастапқы нүкте боларына сенім білдірді.

Іскерлік кеңес отырысына қатысу үшін Атырауға Ресейдің аумақтық сауда-өнеркәсіп палаталарының, бизнес-қоғамдастықтарының өкілдері келгенін айта кету керек. Қазақстандық тарап өңірлік кәсіпкерлер палаталарының, ең алдымен, шекара маңы өңірлеріндегі палаталар басшыларынан, қазақстандық бизнес-қоғамдастық өкілдерінен тұрды.


 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер