astana-view

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «контрафактілі тауарлар айналымы» термині редакциясының өзгертілуін алға тартуда

2014 жылғы 26 Қыркүйек
3498 просмотров

 

ҰКП «Контрафактілі тауарлар айналымы» термині редакциясының өзгертілуін алға тартуда.

ҚР Әділет министрлігінде Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және бірқатар министрліктер өкілдерінің қатысуымен зияткерлік меншік нысандарына құқықты қорғау бойынша әрекеттерді үйлестіру туралы Шарт жобасында қарастырылған «контрафактілі тауарлар айналымы» түсінігін дайындау мақсатында талқылау өтті.

2014 жылғы 18 қыркүйекте Мәскеуде өткен Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі отырысының аясында «контрафактілі тауарлар айналымы» түсінігіне қатысты бірнеше көзқарастар айтылғаны белгілі.

Сонымен, ЕЭК Монополияға қарсы реттеу департаменті екі нұсқа ұсынды.

Бірінші нұсқада «контрафактілі тауарлар айналымы» терминімен, егер мұндай әрекеттер мүше мемлекет заңнамасына сәйкес қорғалатын құқық иесі құқығын бұзуға әкелетін болса, заңсыз орналастырылған зияткерлік меншіктегі нысандардан тұратын тауарларды осы мақсаттағы әзірлеу, тарату немесе өзге де пайдалану, сондай-ақ әкелу, алып өту немесе сақтау түсініледі.

Екінші нұсқада «контрафактілі тауарлар айналымы» терминіне мүше мемлекеттер заңнамасына сәйкес контрафактілі болып танылатын тауарларды әзірлеу, тарату немесе өзге де пайдалану, сондай-ақ осы мақсатта әкелу, алып өту немесе сақтауды жатқызу ұсынылады.

Ұлттық палата контрафактілі тауарларды ұлттық заңнамаға сәйкес анықтау пайдасына позициясын жеткізді.

ЕЭК бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі Нұрлан Алдабергенов те осы позицияны (2 нұсқа) ұстануда.

ҰКП ойынша, жобада бұрындары келісілген анықтама контрафактілі тауар ретінде тауар белгісі заңсыз орналастырылған тауарды да, КО және БЭК аумағына құқық иесінің келісімінсіз әкелінген түпнұсқалық өнімді де  контрафактілі тауар ретінде түсінуге мүмкіндік береді. Осыған орай Шарт жобасын осы анықтамамен қабылдау тәуелсіз жеткізушілерге, параллель импортшыларға қатысты кемсітушілік талаптар жасауға әкеледі, деген ойда Ұлттық палата өкілдері.

Қазақстандық заңнамада «контрафактілі тауар» жеке түсінігінің болмауымен бірге «контрафактілі тауарлар айналымы» терминінің ағымдағы редакциясын қабылдау болашақта Шарттың бұл жобасын әртүрлі түсініп, қолдануға әкелуі мүмкін, осының салдарынан қазақстандық бизнестің әрекетінен жағымсыз көрініс беріп, импорттың шектелуіне, монополия туындау қаупіне және басқа да жағдаяттарға әкеледі.

Талқылау қорытындысы бойынша ҚР әділет министрінің орынбасары Эльвира Әзімова отырысқа қатысушыларға 2014 жылғы 30 қазанға дейінгі мерзімде Әділет министрлігіне өз ұсыныстарын енгізуді тапсырды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер