astana-view

Наубайхана өз жұмысын қайта жандандырды

2014 жылғы 02 Қазан
5842 просмотров

Нан-тоқаш өнімдерін өндірушілер үшін дотациялық ұнның болмауы себебінен Аққайың ауданының жеке кәсіпкері нан шығаруды уақытша тоқтата тұруға мәжбүр болды. Мәселе Солтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының жергілікті филиалы директорымен кездесу үстінде шешілді.

Бауыржан Сәрсекеев нан-тоқаш өнімдерін пісірумен 2007 жылдан бері айналысып келеді. Оның наубайханасы бір тәулікте 1500 нан бөлкесін шығарады. Дайын өнімді Смирново, Власовка, Шағалалы, Қиялы, Рублевка, Аралағаш ауылдарына және аудандағы мемлекеттік мекемелерге, атап айтқанда, мектептерге, колледждерге, Қарттар үйіне және басқаларына өткізеді. Наубайхана 12 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Кәсіпкерге ұшырасқан проблема СҚО Кәсіпкерлер палатасының Аққайың ауданындағы филиалының директоры Руслан Айытовтың, аудан прокуроры Алтынбек Танықпаев пен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының орынбасары Валерий Риденің Лесной ауылдық округіне бірлескен жұмыс сапарының барысында айтылған болатын. Бұл сапардың басты мақсаты ауылдық округ кәсіпкерлерінің проблемалы мәселелерін қарау үшін кездесу болған еді.

«Сол күні кездесуге бізбен бірге 8 бизнес субъектісі келді. Олардың арасында Бауыржан Сәрсекеевтің жұбайы да болған еді. Ол бизнестеріне ұшырасып отырған проблеманы жайып салды. Дотациялық ұнның жеткізілмеуі себебінен олар нан шығаруды тоқтатып қоюға мәжбүр болған. Наубайхананың жұмыс жасамағанына бір апта болыпты», - дейді Руслан Айытов.

Бұл проблеманы шешу үшін, Палата директоры Тайынша ауданындағы «Беркат» ЖШС басшысы Шадид Селмырзаевпен келіссөздер жүргізеді. Серіктестік Қазақстан бойынша өткізілетін және Өзбекстанға, Тәжікстанға, Ресейге және Ауғанстанға экспортталатын жоғары сапалы жоғары, бірінші және екінші сұрыпты нан пісіретін бидай ұнын өндіреді. Диірмен айына 1300 тонна бидайды қайта өңдейді.

«Жүргізілген келіссөздер нәтижесінде ұнды Сәрсекеев ЖК қолайлы бағамен сату туралы келісімге қол жеткізілді. Бір айта кететіні, «Беркат» ЖШС диірмен кешені Лесной ауылдық округінен небәрі 40 км жерде жатыр. Шадид Шахидұлын сөз бен істің адамы деп босқа атамайды, оның араласуының арқасында наубайхана өз жұмысын қайта жандандырды», - дейді Руслан Айытов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер