astana-view

Бірыңғай экономикалық кеңістік техникалық реттемелерін дайындау жоспары қабылданды

2014 жылғы 03 Қазан
4505 просмотров

2014 жылғы 1 қазанда бейнеконференция тәртібінде БЭК Кеңесінің толығымен алдыңғы сессиядағы реттелмеген мәселелерге арналған кезекті отырысы өтті.

Тараптардың келіссөз жүргізушілері 2014-2015 жылдарға арналған Техникалық реттемелерді дайындау жоспарының жобасын қарастырды.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қазақстандық бизнес-қоғамдастықтың пікірін білдіре отырып, Одақ аясында оларға қатысты міндетті талаптар орнатып жатқан Өнімдердің (нысандардың) бірыңғай тізбесін енгізу тәртібін бекіткенге дейін Техникалық реттемелер жоспарын қабылдаудың мақсатқа лайықсыздығын алға тартқаны белгілі.

2010 жылғы «Кеден одағындағы техникалық реттеудің бірыңғай қағидалары мен ережелері туралы» Келісімде көзделген Бірыңғай тізбені енгізу тәртібін дайындау мерзімі бұзылғанмен, алайда Бірыңғай тізбенің өзі бекітілген. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ойынша, КО және БЭК бірыңғай ұлттық нормативтік-құқықтық базасын құру қағидаларын БЭК өрескел бұзып отыр.

Іс жүзінде Бірыңғай тізбе оған өнімдерді (нысандарды) енгізудің мақсатқа лайықтығын қараусыз, кәсіпкерлік нысандарына алда тұрған реттеудің әсерін бағалаусыз құрылған, өйткені Кеден одағының техникалық реттемелері тек осындай нысандарға ғана дайындалуы мүмкін.

Біздің ойымызша, өнімнің Бірыңғай тізбеге енгізілуі бойынша нақты өлшемдердің болмауы шамадан артық реттеуге, халықаралық саудада, ең алдымен, тауарлар импорты үшін техникалық кедергілердің жасалуына алып келеді.

Өкінішке орай, Қазақстанның техникалық реттеу саласындағы саясатын жүргізуші өкілетті орган – Инвестиция және даму министрлігі  ҰКП пікірін қолдамады, осының нәтижесінде қазақстандық тараптан Техникалық реттемені дайындау жоспары мақұлданды.

Қазақстандық бизнес енізілуіне қарсы шығып жүрген:   

«Жеңіл рельсті көліктің, трамвайлардың қауіпсіздігі туралы»,

«Метрополитеннің қозғалмалы құрамының қауіпсіздігі туралы», 

«Су, газ, жылу энергиясы және электр энергиясын есептеу жүйелері мен құралдарына қойылатын талаптар туралы», 

«Мұнай және оларды қайта өңдеу өнімдері көрсеткіштерін өлшеу құралдарына қойылатын талаптар туралы»,

«Су тазалау және су даярлау үшін қолданылатын материалдарға, реагенттерге және жабдықтарға қойылатын қауіпсіздік талаптары туралы»

сияқты техникалық реттемелер Дайындау жоспарына енгізілмеген, алайда БЭК ұсынысы бойынша оларды дайындау мүмкіндігі бойынша талқылау жалғасын таппақшы.

Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілетті келіссөз жүргізушілерді еліміздегі кәсіпкерліктің дамуына айтарлықтай әсерін тигізетін ұлттықтың үстіндегі құжаттарды қабылдауда қазақстандық бизнестің мүддесін қорғауды қамтамасыз етуге тағы да шақырады.

Техникалық реттеу саласындағы өкілетті орган Еуразиялық экономикалық комиссияны интеграциялық бірлестігіміздің бірыңғай нормативтік-құқықтық базасын құрушы барлық құжаттарды дайындау бойынша орнатылған реттемені сақтауға шақыруға міндетті.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер