astana-view

ҚР ҰКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңесі павлодарлық бизнесмендердің түйіткілдерін талқыға салмақшы

2014 жылғы 06 Қазан
3211 просмотров

7 қазанда Павлодар қаласында Ғани Қасымовтың төрағалығымен ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңесінің бірлескен көшпелі отырысы өтеді.

Кеңесте Павлодар облысындағы кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіріп отырған жүйелік мәселелер қаралмақшы. 

Атап айтқанда, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» Бағдарламасына қатысушылардың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және абаттандыру бойынша, агроөнеркәсіптік кешен және өсімдік шаруашылығын сақтандыру саласындағы түйіткілді мәселелер, сондай-ақ табиғи монополиялар субъектісімен жылу желісі жобасын қарастыру мерзімін бұзумен байланысты мәселелерді талқыға салады.

ҚР ҰКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес және Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасы Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңесінің бірлескен отырысының Күн тәртібімен мына жерде танысуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер