astana-view

Астанада вагондар нарығын реттеу мәселелері талқыланды

2014 жылғы 07 Қазан
4383 просмотров

«Өз вагонымызды – тиімді қолданайық» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияны ҚР Инвестициялар және даму жөніндегі министрлігі, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «Kazlogistics» Қазақстанның Көлікшілер одағының қолдауымен Қазақстандық тасымалдаушылар және вагон (контейнерлер) операторлары қауымдастығы мен «Қазақстан темір жолы» ұйымдастырды.

Темір жол тасымалдауларын қажет вагон санымен қамсыздандыру, қозғалмалы состав операторларының санының көп болуы жағдайында вагон паркін басқару, вагон нарығының жаңа ойыншыларының құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі және басқа да мәселелер талқыға түсті. Вагон шаруашылығы саласындағы сарапшылар, экспедиторлар, жүк жөнелтуші компаниялар мен жүк тасымалдаушылар басшылары вагондар нарығын реттеу мәселелерін, өздігінен жүре алмайтын составты тиімді қолдану төңірегіндегі қадамдарды ортаға салды.

Қазірде Қазақстан мен Ресейде вагондарды толығымен жеке меншікке беру процесі аяқталып қалды, ал «инвентарлық парк» түсінігі қалып барады. Жеке меншік иелерінің міндеті – алдыңғы меншік иелері қызметінің сапасы мен деңгейін сақтау және арттыру, ішкі және транзиттік тасымалдар «вагондық құрамының» жұмысында бөгелуге жол бермеу. Бұл конференция осы саладағы бірыңғай келісілген шешімдерді жасап шығуға көмектесті.

Конференцияны өткізу Қазақстандық тасымалдаушылар және вагон (контейнерлер) операторлары қауымдастығының 10 жылдығына орай келді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер