astana-view

Қазақстанда автомобильдер өндірісі өсті

2014 жылғы 09 Қазан
4690 просмотров

2013 жылғы дәл осындай кезеңмен салыстырғанда 2014 жылғы 8 ай ішінде Қазақстандағы автомобиль өндірісі 4,9% өскен. Бүгін Астанада бастау алған Қазақстан машина жасаушыларының ІІ форумында осындай мәлімет белгілі болды. Іс-шара екі күн бойы – 9-10 қазанда өтеді. Форумға 700-ден астам мемлекеттік органдардың және қауымдастықтардың өкілдері, отандық және шетелдік машина жасау компанияларының басшылары қатыспақшыКездесу тақырыбы – «Қазақстандағы машина жасау 2015-2019 жылдар индустрияландыру бағдарламасында». 

«Біз нарығымызды үш бөлікке бөлеміз: бұл Қазақстандағы өндіріс; Ресейден келетін автомобильдер, – барлық брендтер, сонымен қоса импорттық; сондай-ақ республикаға келетін таза  импорт. Қорыта келгенде: былтырғы жылмен салыстырғанда қазақстандық өндіріс 4,9% өскен (2014 жылғы қаңтар-тамыз айларының қорытындылары бойынша) және Қазақстанда өндірілген 22 мыңнан астам автомобильден тұрады», - деп хабарлады Қазақстан Автомобиль бизнесі қауымдастығының президенті Андрей Лаврентьев.

Оның берген мәліметтеріне сүйенсек, дәл осы кезеңдегі Ресейден келген импорт 59 мың автомобильді құраған, өткен жылы бұл көрсеткіш 51 мың болған – 14% ұлғайып отыр.

«Импорттық автомобильдер жөнінентаза импортты» меңзеп отыр –автор еск.) құлдыру көрініп отыр, олардың орны Ресейден келетін және Қазақстанда өндірілетін автомобильдермен толтырылғанға ұқсайды, - 4,4%, яғни айтарлықтай жақсы тенденция. Жалпы нарық былтырғы жылмен салыстырғанда 7,5% өскен бұл таза шамадағы динамика, және де 8,2% - ақшалай өлшемде», - деп қосты Андрей Лаврентьев.

Форум аясында: «Автомобильдік машина жасау», «Мұнай-газ машинасын жасау», «Тау-кен металлургиялық машина жасау», «Ауыл шаруашылық машинасын жасау», «Темір жол машинасын жасау» және «Электртехникалық машина жасау» тақырыптарындағы «дөңгелек үстелдер» өтеді. 

10 қазанда «Қазақстан темір жолы»  ҰК» АҚ ғимаратында саланың өзекті тақырыптары төңірегінде алқа отырысы мен панельдік сессиялар өткізіледі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер