astana-view

Кадрларды даярлауда бастысы – кәсіпорындар қажеттіліктері

2014 жылғы 10 Қазан
3690 просмотров

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Білім және ғылым министрлігі мен Дүниежүзілік банкке техникалық және кәсіптік білім беруді жетілдіру бойынша бағдарламаларды ақтық нәтижеге бағдарлауды ұсынып отыр.

ҰКП Дүниежүзілік банк және Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп «2011-2014 жылдарға арналған Техникалық және кәсіптік білім беруді жетілдіру» жобасы бойынша есеп беруге арналған жиналыс ұйымдастырды. «Дөңгелек үстелді» білім және ғылым вице-министрі Есенғазы Иманғалиев, жобаның Дүниежүзілік банктен тағайындалған басшысы Динг Йонг Хоу және ҚР ҰКП адами капиталды дамыту департаментінің директоры Асқар Әбубәкіров өткізді. Жиналыс жұмысына салалық қауымдастықтар, компаниялар, холдингтер және орталық мемлекеттік органдар өкілдері қатысты.

Жобаның басты идеясы – оқу орындары мен кәсіпорындарды «байланыстыру», яғни түлектер білімі мен жұмыс берушілердің талаптары бір-біріне сәйкес келмейтін практиканы алып тастау.

«Үкімет осы проблемаларды тұжырымдап, КжТББ персоналын оқыту және даярлауда инновацияларды енгізу үшін реформалау процесін іске қосуға талпынды. Осыдан кейін біз ұсыныстар мен басымдылықтарды қарап, шын мәнісінде Үкіметпен бірге түлектер сияқты болашақ жұмысшылардың дағдыларының дамуына және әлеуетін күшейтуге инвестициялауға дайын, өндірістер, жұмыс берушілер құра алатын еңбек өндірісі мен адамдардың үлкен лигасы тәрізді Қазақстанның жақсы бір қырын анықтадық», – деді Динг Йонг Хоу.

Нарық бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау қажеттігін ұсынады. Білім және ғылым вице-министрінің пайымдауынша, жұмыс берушілермен бірлесіп стандарттар мен бағдарламалар әзірлеу дер кезінде орын алып отыр.  

«Бүгінде білім беру мәселелерінің жұмыс берушілердің орталық кеңсесі – Ұлттық кәсіпкерлер палатасында өтуі де ерекше. Біздің еңбегімізге баға беретін де дәл осы жұмыс берушілер. Серіктестік пен әрекеттестіктің арқасында, күшімізді біріктіре отырып, бәсекеге қабілетті кадрларды даярлай аламыз», – деп өз көзқарасын білдірді Есенғазы Иманғалиев.

Сонымен, жүргізілген жұмысқа келер болсақ.

- 1 компонент бойынша Ұлттық біліктілік жүйесінің тұжырымдамасы, біліктілік және кәсіптік стандарттардың салалық аясын әзірлеу және ресімдеу бойынша әдістемелік нұсқаулықтар, мамандар біліктілігін растау және беру бойынша материалдар, экономиканың 11 бағыты бойынша шамамен 800 мамандықты қамтитын 147 кәсіптік стандарт әзірленді.

- 2 компонент бойынша КжТББ жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдіснамасы, әдістемесі және ережелері әзірленді, пилоттық өңірлер (Павлодар, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстары) ұйымдарын жан басылық қаржыландырудың есептеулері орындалды, білім беру басқармаларының және ұйымдардың жұмыскерлері үшін біліктілікті көтеру курстары өткізілді. Жыл соңына дейін жан басына шаққандағы қаржыландыру әдістемесі мен ережелерін қолдану бойынша әдістемелік нұсқаулықтар әзірленбекші. 

- 3 компоненті бойынша кәсіптік стандарттар негізінде КжТББ мамандықтары мен пәндері бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу бойынша әдіснама дайындалды. Жыл соңына дейін 147 үлгілік оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларын және 441 үлгілік оқу бағдарламасын әзірлеу бойынша жұмыстарды аяқтау да жоспарланып отыр.

Институционалдық даму бағдарламалары бойынша материалдық-техникалық базаны жақсартуға, кабинеттер мен зертханаларды жабдықтауға, оқытушылар біліктілігін көтеруге 68 колледжге гранттар бөлінді.

Кадрларды даярлаудың басты басымдылығы кәсіпорындар қажеттіліктері болуға тиіс. БҒМ және Дүниежүзілік банкке ҰКП жобаның жүзеге асырылу нәтижелеріне кәсіпкерлер тұрғысынан баға беруді ұсынып отыр. Жоба әкімшілеріне де жұмыс нәтижелерін барынша ашып, оларды бизнес-қоғамдастыққа көрсету ұсынылды. Ұсыныстар деңгейінде қалып қойған мәселелер отандық кәсіпорындарға қажет мамандарды сапалы даярлауға әсер ететін нормативтік құжаттар мәртебесіне жеткізілуге тиіс.

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бұдан арғы жүзеге асыру, жоба қорытындысын шығаруды келісіп отыру жөнінен мәмілеге қол жеткізілді.

Жобаның мақсаты – кәсіптік стандарттар негізінде бағдарламаларды өзгерту, оқытушылардың біліктілігін көтеру, материалдық-техникалық базаны жаңарту, қаржыландырудың жаңа формаларын енгізу жолымен техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарын жетілдіру. 2015 жылы жобаны жүзеге асырудың қорытындысы жасалады. Оның құны 33,2 млн АҚШ долларын құрады, бұл Дүниежүзілік банк беретін қарыз қаражаты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер