astana-view

Қостанайда Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес отырысы өтеді

2014 жылғы 15 Қазан
- Қостанай облысы
9800 просмотров

2014 жылғы 16 қазанда Қостанайда ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Гүлнар Құрбанбаеваның қатысуымен ӨКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңесінің отырысы өтеді.  

Кеңес өңірдегі бизнестің дамуына кедергі келтіріп отырған жүйелік проблемаларды қарайды. Отырысқа қатысушылар жер телімдерін сыртқы жарнаманы орналастыруға беру мәселесін, «AMS COST» ЖШС және қала әкімдігі арасындағы жер дауын, сондай-ақ бизнесмендердің «Қазтрансгазаймақ» АҚ ҚПФ-мен әрекеттестігіндегі проблемаларды талқыға салады. Сонымен қатар, қостанайлық кәсіпорындарды басым орын алушы нарық субъектілері Тізіліміне енгізу мәселесі қарастырылмақшы.

Отырыс өтетін күн және уақыт: 16.10.2014 ж., 11.30.

Мекен-жайы: Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғ., 116, 4 қабат (конференц-зал).

БАҚ өкілдерінің аккредиттеуден өтуі міндетті.

15.10.2014 ж. 20.00 дейін аккредиттеуден өтулеріңізді сұраймыз.

Егжей-тегжейлі ақпарат алу үшін мына жерге хабарласыңыз: +7 (7172) 91 93 67, +7 (7142) 39-42-08, +7 707 6711470; pr@palata.kz, kostanay@palata.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер