astana-view

Еуразиялық экономикалық одақ Кеден кодексінің жобасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасында талқыланады

2014 жылғы 21 Қазан
3107 просмотров

Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі (КК) жобасын талқылау жалғасын табуда. 7-17 қазан аралығында ЕЭК-да сараптау тобынының оныншы отырысы өтті. Отырыста жаңа тараулар мен құжат ережелері, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ Кеден кодексі туралы Шарт жобасының редакциясы қаралды.

Талқылаудың қорытындылаушы сатыда жатқанын ескере отырып, 2014 жылғы 27 қазанда ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «ЕАЭО Кеден кодексі: бизнес мүмкіндіктері мен оған төнетін қауіп» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізеді. Оның жұмысына бизнес-қоғамдастықтың, Ұлттық экономика министрлігінің және Қаржы министрлігі Мемлекеттік табыс комитетінің өкілдері қатысатын болады.

ҚР ҰКП талқылауға қатысуға қызығушылық танытушылардың барлығын шақырады. Өтетін орны: Астана қаласы, Д.Қонаев көшесі, 8, «Изумрудный квартал» ӘҒ, «Б» блогы, 26 қабат, «Түркістан» залы. Өтетін уақыты: 11:00.

Жоба бойынша ұсыныстар мен жұмыс және сараптау топтарының отырыстарына қатысу бойынша ақпараттарды a.nurmaganbetova@palata.kz мекен-жайына жолдаңыз.

Жұмыс тобының тоғызыншы отырысының Хаттамасымен мына жерде танысуға болады.

Сараптау тобы оныншы отырысының қорытынды материалдарымен мына жерде танысуға болады.

Сараптау тобы оныншы отырысының Хаттамасымен мына жерде танысуға болады.

Сараптау тобы он бірінші отырысының үлгілік кестесімен мына жерде танысуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер