astana-view

Атыраулық кәсіпкерлер коммерциялық жылжымайтын мүлік үшін өтемақы алады

2014 жылғы 22 Қазан
3416 просмотров

Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасы коммерциялық жылжымайтын мүлік құнын өтеу бойынша «Атырау облысы әкімінің аппараты» ММ қарсы іс бойынша қуынымды кәсіпкерлер Гүлжайна Құлғазиева мен Гүлзада Жолмағамбетова пайдасына жеңіп шықты.

Қос кәсіпкер Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасына коммерциялық жылжымайтын мүлік үшін өтемақы төлеуде жәрдем сұрап келді. Осы мәселенің соңында жүргендеріне үш жыл өтіпті.

Бұрындары Құлғазиева Г. мен Жолмағамбетова Г. Мақат ауданының Байшонас елді мекенінде тұрған. Бұл ауыл 2011 жылдың қазан айында облыс әкімдігінің қаулысына сәйкес экономикалық тұрғыдан келешегі жоқ деп танылады. Дәл сол жылдың қараша айында осы елді мекеннің тұрғындарын облыс орталығына көшіру басталады. Қоныс аударылушылардың арасында 5 кәсіпкердің – дәмхана, мейрамхана және сауда кешендерінің иелерінің отбасылары болады. Олардың көпшілігі бизнес ашу үшін, екінші деңгейлі банктерден кредит алған екен. Алайда олар Байшонас кентінде қалған жылжымайтын мүлік нысандары үшін заңды өтемақыны осы күнге дейін ала алмай жүр.

«Проблемамызды әкімдікке айтып, бірнеше мәрте бардық, бірақ нәтиже болмады», - дейді кәсіпкерлер.

Г. Құлғазиева мен Г. Жолмағамбетаның өтініші Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңестің І отырысында қаралған болатын. Кәсіпкерлер ұсынып отырған талаптардың заңдылығына көзі жеткен Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасы Г. Құлғазиева мен Г. Жолмағамбетаның пайдасына жалпы сомасы 1 669 419 теңгеге коммерциялық жылжымайтын мүлік құнын өтеу бойынша «Облыс әкімінің аппараты» ММ-ге қуыным береді.

2014 жылғы 8 қазанда Атырау облысы ауданаралық мамандандырылған экономикалық сотының шешімімен қуыным толығымен кәсіпкерлер пайдасына қанағаттандырылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер