astana-view

2016 жылға дейін Қазақстан Республикасында дуалды оқыту бағдарламасы бойынша 10 мыңнан астам маман даярланбақшы

2014 жылғы 23 Қазан
3520 просмотров

23 қазанда ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Әлеуметтік сала және әлеуметтік серіктестік комитетінің отырысы өтіп, онда бірқатар мәселелермен бірге кадрларды даярлауға бизнестің қатысуы мәселесі талқыланды.

ҚР ҰКП Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп дуалды оқытуды енгізу бойынша Жол картасын бастамалап және әзірлеп, оны 2014 жылғы 15 қазанда Үкімет бекіткен болатын. Құжат кәсіпорындар талаптары бойынша кадрларды даярлауды көздейді. Онда өңірлер бойынша 11 басымдылықты сала жазылған. 2014-2016 жылдар бойында 206 колледжде 83 мамандық бойынша 611 кәсіпорын үшін 10 мыңнан астам маман даяраланатын болады.

ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев кадрларды даярлауға деген жаңа ұстанымдар туралы айтып берді: «Ұлттық палатаға кәсіпорындар мамандарды даярлауға деген нақты тапсырыспен жүгінді. Мәселен, компания белгілі бір дағдылары бар, ол терезе дәнекерлеу болуы мүмкін, 10 дәнекерлеуші қажет дейді. Яғни кәсіпорындар қажет мамандарын нақты түрде жазып береді. ҰКП Білім министрлігімен бірлесіп бұл тапсырысты орналастыратын колледжді анықтайды. Кәсіпорынмен шарттар жасалып, оған сәйкес олар осы мамандарды жұмысқа тұрғызу бойынша міндеттемені өз мойындарына алады. Іс-тәжірибе кезінде колледж студентіне еңбекақы төленеді».

Кәсіпорынның мамандарды қысқа мерзімде даярлау бойынша қажеттілігіне қарай ҰКП оқу орталықтарын ашу бойынша ірі жүйе құраушы кәсіпорындармен және бейіндік қауымдастықтармен жұмыс жүргізеді. Бүгінде 13 оқу орны құрылып отыр. Салалық қауымдастықтармен бірлесіп кадрларды қайта даярлау, біліктіліктерін көтеру және сертификаттау оқу кластерлері 8 кешені ашылды. 11 кәсіпорын колледждерді қамқорлыққа алды.

Жол картасына енген барлық колледждерге «эксперименталдық алаң» мәртебесі беріліп, бұл КжТББ ұйымдарының жұмыс берушілермен бірге тәжірибелік сабақтар қатынасын 60% дейін көбейтуіне мүмкіндік береді.

Жол картасына сәйкес, оқу орындарында барлық кәсіпорындардың колледждермен байланысын ұйымдастыратын, сұранысты зерттеп, өндірістік іс-тәжірибені жоспарлайтын және алдын-ала жұмысқа тұру бойынша жұмыстар жүргізетін консультанттар пайда болады.

Нұржан Әлтаев хабарлағандай, ҚР ҰКП сарапшылары барлық нормативтік құжаттарға тексеріс жүргізіп, дуалды оқытуды енгізу үшін әкімшілік кедергілер жасайтын 17 НҚА анықтады. Бүгінгі таңда бірқатар құжаттарға өзгертулер енгізіліп, Үкімет басының қол қоюына жолданды.

ҚР ҰКП Халықаралық бағдарламалар орталығымен бірлесіп орта буын мамандарын шетелде халықаралық машықтандыру бағдарламасын жүзеге асыруда. Қазірде Қазақстанның 13 өңірі бойынша машықтануға 87 үміткерден тұратын тізім бекітіліп отыр.

Сонымен қатар отырыста ҰКП-да аккредиттеуден өткен қауымдастықтарға енгізуге мамандар біліктілігін сертификаттауды анықтауды ұсынды. «ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Заңға сәйкес, ҰКП-ға мамандар біліктілігін тәуелсіз сертификаттауды жүзеге асыру функциясы берілгенін естеріңізге сала кетейік. «Сертификаттауды жүзеге асыру үшін «Сәйкестікті бағалау. Персоналды аттестаттау бойынша органдарға қойылатын жалпы талаптар» ISO 17024 сәйкес аккредиттеуден өтуге тиіс мамандандырылған орган құрылуға тиіс. Бүгінде сертификаттау жөніндегі ірі органдардың өзі ISO 17024 талабына сәйкес аккредиттеуден өтпеген. Олардың барлығында өз ішкі стандарттары бар. Оған жыл сайын 4 млн сертификат беретін Business and Technology Education Council мысал бола алады. Бұл шығынды талап ететін процедура. Бизнес өзін-өзі реттеуге тиіс», - деді Республикалық тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындары қауымдастығы HR-жобалар орталығының директоры Марлен Сихаев. Сонымен бірге, оның ойынша, сертификаттау талаптарына сәйкестікті қараумен Ұлттық палата салалық комитеттеріндегілер айналысуға тиіс.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер