astana-view

ҚР ҰКП Әлеуметтік сала және әлеуметтік әріптестік комитетінің отырысы өтті

2014 жылғы 23 Қазан
3751 просмотров

2014 жылғы 23 қазанда ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасында Әлеуметтік сала және әлеуметтік әріптестік комитетінің отырысы өтті.

Отырысқа мемлекеттік органдар, түрлі салалық қауымдастықтар, бизнес өкілдері қатысты.

Отырыста бизнестің экономика салалары, Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту үшін кадрларды даярлау және қайта даярлауға қатысу мәселелері талқыға түсті.

Білім беру, кадрларды даярлау және қайта даярлау мәселелерінің экономикадағы барлық салалар үшін маңызға ие екендігі белгілі.

ҰКП осы бағытта ауқымды жұмыс жасады. ҰКП ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп дуалды оқытуды енгізу бойынша Жол картасын бастамалап, әзірледі. Ол кәсіпорын қажеттіліктері бойынша кадрларды даярлауды көздейді.

ҰКП бастамалаған «Дуалды оқыту жүйесінің жол картасын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің Қаулысы бекітілді.

Кәсіпорынның мамандарды қысқа мерзімде даярлау бойынша қажеттілігіне қарай ҰКП оқу орталықтарын ашу бойынша ірі жүйе құраушы кәсіпорындармен және бейіндік қауымдастықтармен жұмыс жүргізеді.

Отырысқа қатысушылар «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңына біліктілікті растау және беру сапасын бағалауды салалық қауымдастықтарға беру бойынша толықтыру енгізуді ұсынды.

Әлеуметтік кәсіпкерлік – экономиканың жақында ғана пайда болған секторы екендігін, жан-жақты зерттеуді, талқылауды талап ететінін атап өту қажет. Осыған орай, ҰКП әлеуметтік кәсіпкерлік халықаралық тәжірибесіне талдау жүргізіп, шет елдердің заңнамалық базасын зерттеді.

Отырыс аясында әлеуметтік кәсіпкерлікті қоғамның әлеуметтік –экономикалық әл-ауқатының және Қазақстанда инноваиця үшін жағымды орта құрудың базистік негізі ретінде дәріптеу қажеттігі аталып өтті. Сонымен қатар Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерліктің даму келешегі талқыланды.

Сондай-ақ отырыста Комитет жанындағы жаңа қауымдастықтарды қосымша аккредиттеуден өткізу мәселесі қаралды. «Қазақстанның Әлеуметтік кәсіпкерлері қауымдастығы» ЗТБ; «Қазақстанның Қолөнершілер одағы» ЗТБ және ЖК; «Қазақстан Республикасы Оқу жабдықтарын өндірушілер және жеткізушілер қауымдастығы» ЖКҰ және ЗТ; «Қазақстан зергерлер гильдиясы» Қауымдастығы ЗТБ және ЖК сияқты бірқатар қауымдастықтардан Комитетке кіру бойынша ұсыныстар келіп түсті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер