astana-view

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы әлеуметтік кәсіпкерлік мәселесіне шындап кіріспекші

2014 жылғы 24 Қазан
3948 просмотров

23 қазанда ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Әлеуметтік сала және әлеуметтік әріптестік комитетінің отырысы өтіп, онда бірқатар мәселелермен бірге әлеуметтік кәсіпкерлік мәселелері мен келешегі де талқыға түсті.

ҚР ҰКП Әлеуметтік сала және әлеуметтік әріптестік комитетінің Төрағасы Талғат Доскенов әлеуметтік кәсіпкерлік жиынтық экономикалық тиімділікті көтеретін маңызды сала деп есептейді. «Әлеуметтік кәсіпкерлік экономиканың жақында ғана пайда болған секторы, алайда бүгінде әлеуметтік кәсіпкерліктің дамуы бойынша шет елдердің тәжірибесі толық зерттелмей отыр, ұғымның өзі заң жүзінде бекітілмеген», - деп ойымен бөлісті Талғат Доскенов.  

ҰКП сенімінше, әлеуметтік кәсіпкерлік дене мүмкіндіктері шектеулі жандар үшін, жалғыз басты аналар және халықтың басқа да әлеуметтік қорғалмаған топтары үшін жұмыс орындарын құруға көмектеседі. Әлеуметтік жауапкершілік – бұл бір жағынан қоршаған ортаны да қорғау, деп аталып өтті отырыс барысында. ҚР ҰКП-да әлеуметтік кәсіпкерлік мәселелері бойынша жұмыс тобы құрылатын болады.

Жақында ғана Оңтүстік Кореядағы мамандандырылған бизнес-форумда болып қайтқан Қазақстанның Әлеуметтік кәсіпкерлер қауымдастығының президенті Гүлзира Амантұрлина экономика саласының әлемдік қоғамдастықтың назарын аударып отырғанын айтып берді: «Оңтүстік Кореяда бүгінгі таңда әлеуметтік кәсіпкерлік мамандығы аса зор талапқа ие. Университеттер базаларындағы арнайы бизнес-инкубаторларда оқыту жүріп жатыр. Басқа да салаларды қамтитын болғандықтан ғана емес, мемлекеттің шешіп үлгермей жатқан мәселелері шешіліп жатқандықтан да, әлеуметтік кәсіпкерліктің болашағы бар. Бұнда халықтың қорғалмаған топтарын қолдау да, мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау да бар, олар тауар өндірудің барлық дерлік кезеңдеріне тартылған».

Ұлттық палатаның ойынша, әлеуметтік кәсіпкерлікті дәріптеу жөніндегі мақсатты бағдарлама, оның заң жүзінде бекітілуі және салықтық және басқа да артықшылықтардың енгізілуі сала дамуына серпін беруге мүмкіндік бермекші.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер