astana-view

Кеден одағы елдері еркін қоймалар мәселесі бойынша мәмілеге келе алмай отыр

2014 жылғы 28 Қазан
4229 просмотров

Қазіргі кезде Еуразиялық экономикалық комиссияның жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдерінің Бірыңғай тізбесі жобасын (тауарды Кеден одағы тауары деп тану үшін жеткілікті дәрежедегі өндірістік және технологиялық операциялар шарттарының тізбесі) (бұдан әрі – Тізбе жобасы) бекіту бойынша жұмыс жүргізіп жатқаны белгілі.

ЕЭК бұл жұмысты еркін қоймалар туралы және еркін қойманың кеден процедурасы туралы Келісімнің 16 бабы 3 тармағына сәйкес жүргізуде, оған сәйкес аталмыш шарттар тізбесін Кеден одағының Комиссиясы мәмілемен анықтайды.

Жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдері тауарларды арнайы экономикалық аймақтан және еркін қоймадан Кеден одағының аумағына әкелу кезінде оларды кеден баждары мен салықтардан босату мақсатында қолданылады.

ЕАЭО туралы Шарт талаптарына  сәйкес, Қазақстан Республикасы жеткілікті дәрежеде қайта өңдеудің ұлттық өлшемдерін 2017 жылға дейін қолдануға құқылы, олар қазіргі сәтте ҚР бизнес-қоғамдастығы үшін айтарлықтай тиімді болып отыр. 

Комиссия ұсынып отырған Тізбе жобасының талаптарды едәуір күшейтетіндігін және кәсіпорындардың басым көпшілігінің бұл өлшемдерге сай келе қоймайтындығын айта кету керек.

Сонымен бірге Ресей Федерациясы бұрындары бұл мәселе бойынша өз ұсыныстарында Калининград облысындағы Ерекше экономикалық аймақ аумағындағы РФ кәсіпкерлері үшін әрекеттегі өлшемдерді сақтау қажеттігін айтқан болатын.

ҚР ҰКП Қазақстан Республикасында жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу талаптары мен шарттарын ұлттық деңгейде анықтау құқығын сақтау қажеттігі туралы ұсынысты бірнеше мәрте жолдады.

Сонымен қатар, үстіміздегі жылдың қыркүйек айында ҚР ҰКП алаңында ҚР мемлекеттік органдары мен еркін қоймалар иегерлерінің қатысуымен осы мәселе төңірегінде жиналыс өткен болатын. 

Палатаның жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдерін ұлттық деңгейде анықтау қажеттігі туралы ұсынысын отандық кәсіпкерлер де, ҚР мемлекеттік органдары да қолдады.

Алайда, ҚР бизнес-қоғамдастығының позициясы мен ЕЭО туралы Шарт бойынша қол жеткізілген келісімдерге қарамастан, 2014 жылғы 13-15 қазанда Мәскеуде ЕЭК алаңында аталмыш Тізбе жобасын мәмілелесу бойынша РФ ҚР және БР сарапшыларының отырысы өтті.

Осы отырыс қорытындысы бойынша Тараптардың сарапшылары Қазақстан Республикасы үшін принципті түрдегі мәнге ие негізгі тауарлық позициялар бойынша мәмілеге қол жеткізе алмады.

Осылайша, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібінде, машина жасауда (сонымен бірге автомобиль жасау, темір жол көлігі, ауыл шаруашылық машиналарын жасау және т.б.), фармацевтикалық салада келісімге қайтадан қол жеткізілмеді.

КО және БЭК елдерінде өнеркәсіптің даму деңгейі мен техникалық жабдықталу түрлі деңгейлерде екенін ескерген дұрыс. Мемлекеттік қолдаудың түрлі шаралары қолданылады. Сәйкесінше, сарапшылардың ойынша, Бірыңғай тізбені қабылдау жағымсыз салдарға алып келеді.

Сонымен, бір жылдың 9 айы үшін жасалған алдын-ала есептеулер бойынша тек қана азық-түлік саласында кәсіпорындар 1 млрд теңгеден астам артықшылықтан айрылуы мүмкін екен.  

Осыған орай, ЕЭК ұсынысы ҚР бизнесі үшін ауыртпалық сипатқа ие және ЕЭО туралы Шарт талаптарына сәйкес келмейді. Палата Бірыңғай тізбені қабылдаудың қолайсыздығы туралы бұрындары қалыптасқан позицияны ұстанады.

Сонымен бірге, Тізбе жобасын талқылау бойынша сарапшылардың кезекті отырысы ЕЭК алаңында Мәскеуде осы жылдың 26 мен 28 қарашасында өтетінін хабарлаймыз.  

Қызығушылық туындаған жағдайда ҚР ҰКП Экономикалық интеграция департаментіне мына телефон бойынша хабарласуды сұраймыз: +7 7172 919372. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер