astana-view

Астанада Кеден одағы және Қазақстан Республикасы кеден заңнамасын жетілдіру жөніндегі жұмыс топшасының отырыстары басталды

2014 жылғы 29 Қазан
3610 просмотров

2014 жылғы 27 қазаннан 6 қарашаға дейін ҚР Ұлттық экономика министрлігінің алаңында КО және ҚР кеден заңнамасын жетілдіру бойынша Жұмыс топшасының отырыстары өтеді. Онда Мәскеу қаласындағы Жұмыс тобы мен Сараптау тобының отырыстарында қаралуға тиісті мәселелер талқылануда.

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы барлық мүдделі тұлғаларды бар болған жағдайда, Жұмыс тобының оныншы отырысына, Сараптау тобының он бірінші отырысына, сондай-ақ Жұмыс топшасының отырысына қатысу туралы ақпаратты мына e-mail бойынша жолдауды сұрайды: a.nurmaganbetova@palata.kz

Кеден заңнамасын жетілдіру бойынша Жұмыс тобының (бұдан әрі – Жұмыс тобы) 10 отырысы 2014 жылғы 10 қарашада мәскеу уақыты бойынша сағат 10:00 өтеді (мына мекен-жайда: Мәскеу қаласы, Летниковская көшесі, 2 үй, 2 құр., «С» корпусы, 631 бөлме).

Ұлттық палата Жұмыс тобының оныншы отырысының қарауына мына мәселелерді шығарды:

  1. Одаққа мүше мемлекеттер заңдарымен орнатылған жауапкершілікке декларантты тартусыз «қатені өз еркімен мойындау» туралы;
  2. тауарлардың кедендік құнына құны 200 еуроға дейінгі және салмағы 10 килограмға дейінгі көлік шығындарын қоспау туралы;
  3. Одақ КК жобасынан 5 бапты (СС) және онымен байланысты 6 баптың 6 тармағындағы 1 абзацты алып тастау туралы.

Еуразиялық экономикалық одақ Кеден кодексі жобасын даярлау бойынша Сараптау тобының (бұдан әрі – Сараптау тобы, Одақтың КК жобасы) 11 отырысы 2014 жылғы 11-14 қараша аралығында өтеді (мына мекен-жай бойынша: Мәскеу қаласы, Летниковская көш., 2 үй, 1 құр., «D» корпусы, 702, 726 бөлме).

Сараптау тобы отырысының барысында төмендегілерді аяқтап бітіру жоспарланып отыр:

1. 2014 жылғы 10 қарашадағы Жұмыс тобының шешімін орындауға арналған Одақтың КК жобасының нормалары.

2. Тауарларды шығарумен байланысты кеден операциялары мен тауарларды шығаруға қатысты Одақтың КК жобасының жекелеген ережелері.

3. Тауарлардың кедендік құны мен жеке қолдануға арналған тауарлар құнына қатысты Одақтың КК жобасының жекелеген ережелері.

4. Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асырушы заңды тұлғаның міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етуге қатысты Одақтың КК жобасының ережелері.

5. Ішкі нарықты қорғау шараларын қолдануға қатысты Одақтың КК жобасының жекелеген ережелері.

6. Мүше мемлекеттердің бірінде ішкі тұтыну үшін шығарудың кеден процедурасына орналастыру кезінде кеден баждарының төмендетілген мөлшерлемелері қолданылған тауарларға қатысты кеден баждарын, салықтарды төлеу мерзімдеріне қатысты Одақтың КК жобасының ережелері.

7. Одақтың КК жобасы өтпелі ережелері.

Сараптау тобының отырыстарының әр күнгі тақырыптары жекелей көрсетілген егжей-тегжейлі кестесімен мына жерде танысуға болады.

Жұмыс тобының 10 отырысы күн тәртібімен және материалдарымен мына жерде танысуға болады.

Сараптау тобының 11 отырысы материалдарымен мына жерде танысуға болады.

Жұмыс топшасы отырысының материалдарымен мына жерде танысуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер