astana-view

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы күмәнді сараптамалар негізінде берілген «СТ-KZ» сертификаттарын қайтарып ала бастады

2014 жылғы 31 Қазан
3693 просмотров

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы белгіленген процедураларды бұза отырып ресімделген сараптама актілерін негізге ала отырып берілген «СТ-KZ» сертификаттарын қайтарып ала бастады.

Сегіз ай ішінде ҚР Ұлттық палатасына «СТ-KZ» беру және пайдалану мәселелері бойынша шамамен 30 өтініш келіп түскен. Отандық тауар өндірушілер мен қауымдастықтар жергілікті мазмұн үлесін (ЖМҮ) есептеудің анықтығына күмән келтіруде және Палатаның тауардың шығу тегі туралы сертификаттарды берудегі негізділікті тексеруін сұрайды. Уәкілетті мемлекеттік орган – Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетіне (ТРМК) де келіп жатқан осыған ұқсас шағымдар саны өсіп келеді.

Сонымен, ТРМК ҚР ҰКП-ға «негізсіз берілген сертификаттарды кездестірген жағдайда олардың айналымда болуына жол бермеу мақсатында тоқтату не болмаса бұзуларды жойған сәтке дейін оларды тоқтатып қою бойынша шаралар қолдануды (өтініш берушіге осы туралы тиісті түрде хабарлаған соң)» ұсынды. Осының негізінде ҚР ҰКП жүгінімдердің бірі – ТОО «Проммашкомплект» ЖШС-дан келіп түскен өтінішті қарады.

«Проммашкомплект» ЖШС нұсқар өнімдер мен темір жол доңғалақтарын шығару жөніндегі зауыт. Орталық Азиядағы осындай өнімді жалғыз өндіруші. Зауыт Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болып табылады. 2014 жылғы 6 тамызда зауытта мемлекет Басшысы болып қайтып, нысанның экономикалық және әлеуметтік маңыздылығы мен өндірілетін өнімнің талап етілетіндігін атап өтті.

Компания «Қазақстандық вагон жасау компаниясы» ЖШС тендерін жеңіп шыққан және «18-9918 үлгідегі жүк вагонының қос білікті арбасы» тауарына ЖМҮ 59,5% болатын «СТ-KZ» сертификатына «СнабПромСервис» ЖШС өндірістік әлеуетіне күмән келтірді. «Проммашкомплект» ЖШС «СнабПромСервис» ЖШС-да қажет өндірістік, нормативтік-техникалық базаның және т.с.с. болуына тексеріс жүргізуді сұрады. Өтінішті негізге алған Палата сарапшылары тексеріспен «СнабПромСервис» ЖШС өндірістік базасына жол тартты. Оның қорытындысы 2014 жылғы 20 қазанда өткен ҚР ҰКП Сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл кеңесі отырысының барысында жарияланды: компанияның «СТ-KZ» сертификатында көрсетілген жергілікті мазмұн үлесін есептеудегі дерексіздік айқындалды. Кеңес сараптау ұйымына қатысты материалдарды ТРМК-ға жолдауға шешті. Дәл сол күні ҰКП күмәнді сараптаулар негізінде берілген сертификаттарды қайтарып алудың құқықтық мүмкіндіктерін қарайтыны туралы хабарлады.

«СТ-KZ» сертификаттарын беру саласының ашықтығы мәселесін талқылау шарықтау шегіне жетті. 21 қазанда Мәжілісте өткен сараптау тобының отырысы осы тақырыптағы қызу пікірталасқа ұласты. «Нұр Отан» фракциясы мүшелерінің пайымынша, шетелдік компаниялар өз тауарларындағы жергілікті мазмұн үлесін асыра көрсетіп, «мемлекетті алдауда». Парламент палатасының вице-спикері Дариға Назарбаева «жеңілдіктер алып жүрген «елес-компаниялармен» күрес жүргізу» қажеттігі туралы мәселені көтерді: «Сертификаттар жалған кәсіпорындарға беріліп жатыр, осы фактордың арқасында қазақстандық мазмұн мөлшеріне қатысты сандар дүдамал болып отыр. (…) Қазақстандық, отандық болып есептелетін, ал шын мәнісінде делдал болып табылатын жалған кәсіпорындармен қалайша күреспекшіміз 29 қазанда Ұлттық палатада өткен брифингте ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев осы салада таудай түйткілдің барлығын айтып кетті және Ұлттық палатаның бейіндік заңнамаға өзгертулер туралы Үкіметке дайындап жатқан ұсыныстары жайлы мәлімдеді.

ҚР ҰКП еншілес ұйымы – «Тауарлардың шығу тегін сертификаттау» ЖШС – барлық материалдарды зерделеп шыққан соң «СнабПромСервис» ЖШС-дан күмәнді сараптау негізінде берілген сертификатты қайтарып алды. Сонымен қатар, Бас прокуратура мен ТРМК-ға сәйкес тексерістерді жүргізу туралы өтініштер жолданды. Басқа өтініштердің көпшілігі (22) Сауда-өнеркәсіптік палата берген сертификаттармен байланысты («ҚР ҰКП туралы» Заң күшіне енгенге дейін тауардың шығу тегі туралы сертификаттарды ресімдеу және беру функциясын СӨП орындап келген болатын), және де оларды қарау ҰКП сарапшыларының құзыретіне жатпайды. Қалған өтініштер жайына келер болсақ: бірқатар жағдайларда кәсіпкерлердің күмәндары тексерістерден кейін расталмады, кейбір өтініштер жалпы түсіндіру мәселелеріне байланысты болды, және де оларға жауаптар беріліп қойды; бірқатар өтініштер зерттеу сатысында жатыр. Ұлттық палата объективті түрде қарауға және бұзушылықтар анықталған жағдайда сертификаттарды қайтарып алуға дейінгі қатаң шаралар қолдануға кепілдік береді. 

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «СТ-KZ» сертификаттарын «жалған» отандық тауар өндірушілерге беру тәжірибесін түбірімен жоймақшы. Қазірде ҰКП отандық тауар өндірушіні сертификаттау бойынша жаңа нормативтік базаны қалыптастыру үшін заңнамаға түбегейлі өзгертулер туралы ұсыныстар дайындауда.

Анықтама үшін: Бүгінгі таңда ҚР-да тауардың шығу тегін сараптаумен және сәйкес актіні ресімдеумен жеке меншік сараптау ұйымдары айналысады. ҰКП, заңға сәйкес, ұсынылған акт негізінде тауардың шығу тегі туралы сертификат береді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер