astana-view

Ресейлік кәсіпкерлер кеден өкілдерінің өзін-өзі реттеуін енгізуді ұсынады

2014 жылғы 03 Қараша
3612 просмотров

ЕАЭО Кеден кодексі жобасын талқылау аясында көрші ел кәсіпкерлері осындай ұсыныс айтты.

Ресейлік тараптың ойынша, әкімшілік ресурс кеден өкілдерінің үстінен ықпал жүргізеді, ал саланың СЭҚ компаниялары жиынтық айналымы есебінен экономика дамуына әсері ұлғаю үстінде. Кеден өкілдерінің өзін-өзі реттеуін енгізу, болжанып отырғандай, мынадай пайда әкеледі:

- СЭҚ әкімшілеуге мемлекет шығындарын үнемдеу;

- ФКҚ-ны кеден өкілдері тізілімін жүргізу мемлекеттік функциясынан босату;

- бюджет қаражатын үнемдеу және кеден аппараты санын қысқарту;

- СЭҚ қатысушылар үшін қызмет сапасын жақсарту;

- СЭҚ саласындағы шағын және орта бизнестің өсуі;

- кеден өкілдері үшін кедендің ресімдеу құны мен шығындарын төмендету.

Өзін-өзі реттеу аясында кеден төлемдерін төлеу бойынша міндеттемелерді орындауға жеке коммерциялық компания емес, өтемақылық қорға өз үлестерімен жауап беретін қандай да бір кәсіби бизнес-қоғамдастық кепілгер бола алар еді. Салалық өзін-өзі реттейтін ұйым жүзеге асыратын нарыққа жіберу өндіріс қауіпсіздігінің жоғары деңгейіне кепілдік беруге мүмкіндік берер еді. Салалық ӨРҰ барлық субъектілердің өз стандарттарын сақтауды бақылауды жүзеге асыра алады және қоғам мен мемлекет алдындағы қауіпсіздік кепілі болып табыла алады. Бір стандартты қолдану қауіпсіздікті көтеруге де, ӨРҰ әрбір мүшесі жұмысының тиімділігін де айтарлықтай көтеруге көмектесер еді.

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ресейлік бизнестің осы ұсынысы төңірегінде a.nurmaganbetova@palata.kz электронды мекен-жайы бойынша пікір бөлісуді сұрайды. 

Өзін-өзі реттейтін кеден өкілдері бойынша презентациямен мына жерде таныса аласыз. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер