astana-view

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің отырысы 12 қарашада өтеді

2014 жылғы 04 Қараша
3255 просмотров

ҚР ҰКП 2014 жылғы 12 қарашада Мәскеу қаласында Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің отырысы өтеді, деп хабарлайды. Соның ішінде отырыс барысында төмендегілерге қатысты мәселелер қаралады:

  • Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы халықаралық ынтымақтастық;
  • 2015-2016 жылдарға арналған Еуразиялық экономикалық одақ интеграцияланған ақпараттық жүйесінің қызмет етуі және дамуы;
  • кеден заңнамасын одан әрі жетілдіру;
  • ветеринарлық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарлардың Бірыңғай тізбесіне өзгертулер енгізу;
  • басқа да бірқатар мәселелер.

Отырыстың күн тәртібімен мына жерде танысуға болады.

ЕЭК Кеңесі отырысының материалдарымен мына жерде танысуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер