astana-view

Қазақстандағы ең үздік сауда кәсіпорны анықталмақшы

2014 жылғы 05 Қараша
4358 просмотров

«Сауда Үздігі» республикалық байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі Астанада биылғы жылдың 6 қарашасында өтеді. Сайысқа түрлі бағыттағы жүзден астам ірі және шағын сауда кәсіпорындары қатысып, финалға олардың арасынан 25-і шықты. Байқауды ҚР Ұлттық экономика министрлігінің, облыстар, Астана мен Алматы әкімдіктерінің қолдауымен Қазақстанның Сауда кәсіпорындары қауымдастығы ұйымдастырды.

«Сауда Үздігі» республикалық байқауы 2002 жылдан бері Қазақстанның әрбір өңірінде өткізіліп келеді. Байқаудың басты мақсаты – сауда кәсіпорнының табысты тәжірибесін айқындау және тарату, жағымды имидж қалыптастыру, сондай-ақ осы саладағы сервис және қызмет көрсету сапасын көтеру», – деп хабарлады Қазақстанның Сауда кәсіпорындары қауымдастығының вице-президенті, ҚР ҰКП Сауда комитеті Хатшылығының хатшысы Жібек Әжібаева.

Жеңімпаздар мына номинациялар бойынша марапатталады: «Ең үздік бөлшек сауда кәсіпорны», «Ең үздік көтерме сауда кәсіпорны», «Ең үздік сауда базары», «Ең үздік сауда-ойын сауық орталығы, кешені, сауда үйі», «Ең үздік жол бойы сервисі және демалыс аймағы» және «Жылдың ең үздік басшысы». Сонымен қатар Қазақстанда осы саланың дамуында ең үздік нәтижелер көрсеткен шетелдік компания анықталады. Жеңімпаздарды министрліктер мен әкімдіктер өкілдерінен тұратын республикалық ведомствоаралық байқау комиссиясы анықтайды. Қазылар алқасының пікірінше ең үздік деп танылған басшы кезекті «Сауда Үздігі» байқауын өз қаласында өткізу мүмкіндігін алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер