astana-view

ҚР ҰКП Басқармасында кадрлық ауыс-түйіс орын алды

2014 жылғы 06 Қараша
3411 просмотров

ҰКП Төралқасының шешімімен Нұрлан Мұқаев пен Юлия Якупбаева Басқарма Төрағасының орынбасарлары, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма мүшелері болып тағайындалды. Олар бұл лауазымда Заңғар Ноғайбай мен Екатерина Никитинскаяның орнына келді.

Нұрлан Шамсудинұлы Мұқаев әр жылдары «Астана-Финанс» Кредиттік компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ нормативтік-құқықтық жұмыс департаменті директоры, «KAZENERGY» Қазақстандық мұнай-газ және энергетикалық кешен ұйымы қауымдастығы» ЗТБ заңгерлік департаментінің басшысы лауазымдарында қызмет еткен. Өмірбаяны мен еңбек өтілі мына жерде егжей-тегжейлі. 

Юлия Константиновна Якупбаева Ұлттық палата Басқарма Төрағасы орынбасары болып тағайындалғанға дейін ҚР ҰКП Төралқа Төрағасының кеңесшісі болған. Бұрындары әр жылдары Қазақстанның Қаржыгерлер қауымдастығында және «Атамекен» Одағы» ҚҰЭ палатасында басшы лауазымдарда қызмет еткен. Өмірбаяны мен еңбек өтілі мына жерде егжей-тегжейлі. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер