astana-view

Кеден одағы нарығына импортталатын май толып кетуі мүмкін

2014 жылғы 05 Қараша
3765 просмотров

Кеден одағы елдерінің май саласына қауіп төніп тұр, деген ойда сарапшылар. Олардың қауіптенулері пальма майын қолдану жөніндегі техникалық реттемелердегі болжамды өзгерістерге байланысты болып отыр. Күтіліп отырғандай, май өнімдері өндірісінде қолданылатын өсімдік шикізаты үшін тотықтық мөлшер бойынша талап айтарлықтай күшейтілмекші бір килограмға 10-нан 0,9 ммольге дейін. Мамандардың ойынша, тасымалдау кезінде тотықтық мөлшердің бұл деңгейін сақтау мүмкін емес. Бейіндік қауымдастықтар мен кәсіпорындар КО-ға жоғары технологиялы май өнімдерін өндіру үшін өсімдік майын жеткізу іс жүзінде тоқтатылатыны туралы мәлімдеуде.

Болжалды талаптардың пальма майының адам денсаулығына әсері туралы мамандандырылған зерттеулерімен жеткілікті деңгейде негізделмеген деп есептейтін отандық өндірушілер ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жүгінді.

«Бірыңғай санитарлық талаптарына осы редакциядағы өзгертулер жобасын қабылдау жекелеген кәсіпорындар үшін де, май саласы мен май өнімдерін өнеркәсіптік тұтынушылар үшін де аса жағымсыз салдарға алып келеді, – дейді «Евразиан Фудс» АҚ Басқарма Төрағасы Алексей Кузьминых. – Пальма майына мұндай негізсіз қатаң талап қою отандық қайта өңдеушілер үшін негізгі май шикізатының қолжетімсіздігіне алып келеді. Кәсіпорындар Қазақстанның аспаздық, кондитерлік, нан-тоқаш және сүт өнеркәсібінде қолданылатын май өнімдерінің кең көлемін өндіре алмай қалады да, соңында май кәсіпорындары жабылуының объективті себебіне айналады».

«Маслодел» ЖШС өкілі Наталья Солохина да пальма майының адам денсаулығына әсерін медициналық және клиникалық зерттелуін алға тартып отыр. «КО заңнамасына сәйкес, балалар тағамының жекелеген топтарын өндіруде 2,0 ммоль тотықтық мөлшердегі соя майын қолдануға жол беріледі. Зәйтүн майы үшін бұл көрсеткіш 5-20 ммольді құрайды. Бұл жерде пальма майына неге осынша ерекше көңіл аударылып отыр, деген сауал туындайды. Біздің ойымызша, Қазақстандағы отандық май саласының құлдырауына жол бермеу мақсатында, бұл мәселені біршама салмақты, объективті түрде, мұқият қарастыру қажет», – деп ойымен бөлісті Солохина.

Ресейдің Май одағы техникалық реттеу және стандарттау жөніндегі комиссиясының басшысы Юрий Султановичтің ойынша, өсімдік майлары – мамандандырылған майлардың көптеген түрлері үшін қажет шикізат, және де олардан бас тарту «кеңестік кезеңдегі шағын ғана сұрыпталымға апарып тастайды». Сонымен қатар, сарапшының ойынша, нарықта қалыптасуы мүмкін бос орын бірден импортпен толығады. Ал бұдан табыс табатын тек шетелдік қайта өңдеушілер, деп ойын білдірді Юрий Султанович: «Өнімнің импортталуы құнының өсуін білдіреді. Нан-тоқаш өнімдері, балмұздақ, одан да басқа көптеген өнімдердің қымбаттағанын қалайтын біреу бар ма? Оның үстіне өнім сапасы КО елдері кәсіпорындары шығаратындармен бірдей болады! Қоғамымызда қорқыныш ұялатып, адамдардың үрейімен ойнап, осылай табыс тапқысы келетіндерден сұрау кереу». Қауымдастықтар мен кәсіпорындар басшылары мұны жасап отырған кім екенін біледі. Өзгертуді Калининградтың Еркін экономикалық аймағында Еуропада өндірілетін арнайы майлар мен маргариндерді өлшеп орау бойынша зауыты бар «СОЮЗ Корпорациясы» мүддесін танытушы Балтық тамақ одағы бастамалағаны айтылуда. «Осылайша, ұсынылып отырған өзгертулерді КО мүше мемлекеттер кәсіпорындары мақұлдаған жағдайда қайта өңдеу үшін пальма майын әкеле алмайды, ал «СОЮЗ Корпорациясы» Еуропа елдерінен Кеден одағы елдері аумағына арнайы майлар мен маргариндерді монополиялы жеткізушіге айналады», - деп атап өтті «МаЖиКо» Агроодағы» Май өнімдерін өндірушілер және тұтынушылар қауымдастығы Басқармасының Төрағасы Қайрат Нұрпейісов.

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының пікірінше, мәселені қосымша зерделеп, ғылыми зерттеулер жүргізіп, осындай өзгертулерге ғылыми  негіздеме бергеннен кейін ғана өсімдік майлары үшін, сонымен бірге пальма майы үшін «тотықтық мөлшер» көрсеткішінің жол берілетін мәніне біршама қатаң талап қоюды көздейтін шешім қабылдауға болады. Сонымен қатар ҰКП ойынша, болжанып отырған өзгертулер ДСҰ Келісімінің ережелеріне қайшы келеді (5 бап 4 тармаққа сәйкес, санитарлық және фитосанитарлық қорғаудың тиісті деңгейін анықтауда мүшелер саудаға жағымсыз әсерді барынша азайту қажеттігін ескеруге тиіс). 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер