astana-view

Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы үкімет басшылары деңгейінде Ашхабадта өтеді

2014 жылғы 05 Қараша
3493 просмотров

2014 жылғы 21 қарашада Түркіменстан астанасында үкімет басшыларының қатысуымен Жоғарғы еуразиялық экономикалық кеңес отырысы өтеді. Отырыста КО және БЭК мүше мемлекеттер Келісілген (үйлестірілген) агроөнеркәсіптік саясат тұжырымдамасын жүзеге асыру жоспарына қатысты және басқа да мәселелер қаралмақшы.

Еуразиялық экономикалық комиссия Агроөнеркәсіп саясаты департаменті мүше мемлекеттердегі бейіндік мемлекеттік органдар өкілдерімен бірлесе отырып Агроөнеркәсіптік саясат тұжырымдамасын жүзеге асрыу жоспары жобасын әзірлеп шықты. Отырыста осы құжатты қабылдау жоспарланып отыр. Онда нормативтік-құқықтық құжаттарды әзірлеу бойынша, төмендегі бағыттар бойынша бірлескен және үйлестірілген шараларды іске асыру жөніндегі 17 іс-шара көрсетілген:

- агроөнеркәсіп кешеніндегі болжау;

- ауыл шаруашылық өнімін өндіруді және қайта өңдеуді мемлекеттік қолдау;

- ортақ аграрлық нарықты реттеу;

- өнімді өндіру және айналымға салу саласындағы бірыңғай тараптар;

- ауыл шаруашылық өнімі мен азық-түлік экспортын дамыту;

- агроөнеркәсіп кешенін ғылыми және инновациялық дамыту.

Сонымен бірге, отырыста ЕАЭО аясында халықаралық шарттарды, ЕАЭО үшінші елдермен, олардың интеграциялық бірлестіктерімен және  халықаралық ұйымдарымен шарттарын және ЕАЭО органдарының шешімдерін ресми жариялау туралы мәселелер қаралады. Сонымен қатар КО-да 2010 жылғы 20 мамырдағы әкелінетін кеден баждарын (баламалы әрекетке ие өзге де баждарды, салықтар және алымдарды) есептеу және бөлу тәртібін орнату және қолдану туралы Келісімді жүзеге асыру талқыға салынады.

Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес отырысының күн тәртібімен мына жерде танысуға болады.

2013 жылғы әкелінетін кеден баждарын есептеу және бөлу механизмін қолдану қорытындысы туралы егжей-тегжейлі мына жерде танысуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер