astana-view

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мүшелері Құрылыс істері жөніндегі комитеттің Ғылыми-техникалық кеңесі құрамына кіреді

2014 жылғы 10 Қараша
4099 просмотров

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашалық істер жөніндегі комитетінің Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жер ресурстарын басқару істері жөніндегі комитетіне қайта ұйымдастырылуына орай Ғылыми-техникалық кеңес құрамына өзгертулер мен толықтырулар енгізілетіні жайлы ақпараттандырады.

Ғылыми-техникалық кеңес консультативтік-кеңесу органы болып табылады, құрылыс саласы дамуының негізгі бағыттары, сәулет, қала құрылысы, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыстағы баға түзілу саласында ғылыми-техникалық саясат жүргізу, сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыру бойынша ұсыныстарды қарап, әзірлейді, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында нормативтік-құқықтық және нормативтік-техникалық құжаттар жобасын қарайды.

Ғылыми-техникалық кеңес құрылыс, сәулет, қала құрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы жетекші жобалық және ғылыми-зерттеу ұйымдары басшыларының қатарынан құрылады.

Осыған орай, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жобалық, құрылыс және қала құрылысы қызметі ұйымдарының қатарынан құрылатын Ғылыми- техникалық кеңес құрамына ҚР ҰКП және аккредиттеуден өткен қауымдастықтар мүшелерін қосу үшін кандидаттарын жолдады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер