astana-view

Еуразиялық экономикалық одақ Кеден кодексі жобасы бойынша жұмыс топшасының қорытынды отырысы өтпейтін болды

2014 жылғы 11 Қараша
3953 просмотров

2014 жылғы 27 қазан мен 6 қараша аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі алаңында кедендік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша Жұмыс топшасының отырыстары өтіп, онда Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі жобасы (бұдан әрі – Одақтың КК жобасы) бойынша қазақстандық тараптың келісілген ұстанымы жасақталды. Мемлекеттік органдар басшылары деңгейіндегі қорытынды отырыс 2014 жылғы 7 қарашаға жоспарланып, алайда өткізілмеген болатын (үстіміздегі жылдың қыркүйек айындағыдай). Сонымен, ЕЭК-ке бизнес пен мемлекеттік органдар бір шешімге келген ұстанымдар ғана жолданды.

ҚР мемлекеттік органдарымен келіспеушіліктер туындаған ұстанымдарды бизнес-қоғамдастық сарапшылары ЕЭК алаңында өзбетінше алға тартуға мәжбүр болып отыр. Одақтың КК жобасы жекелеген бөлімдерін түзеуге берілген мерзімнің қысқалығын (4 күн) ескере отырып, Кодекс жобасына өз ұсыныстарын енгізу бизнес үшін іс жүзінде орындалмас міндет болмақшы.

ҚР ҰЭМ қараша айында өткен отырыстарында  мемлекеттік органдар және бизнес-қоғамдастық сарапшылары мынадай негізгі ұстанымдарда келісімге келді:

- Ұлттық палатаның Одақтың КК жобасында 2020 жылға дейін тауарларды кедендік декларациялауды декларанттың таңдауы бойынша жазбаша  немесе электронды формада жасауға мүмкіндік беретін өтпелі кезеңді орнату бойынша ұсынысы қолдау тапты;

- Ұлттық палатаның өндіріс қалдықтарын еркін экономикалық аймақтан, еркін қоймадан екіншілікті қайта өңдеу үшін кедендік процедураны аяқтаусыз алып кету туралы ұсынысы қолдау тапты;

- қазақстандық бизнестің кедендік сараптаманы тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде тағайындау туралы шешім қабылдау жайлы қазақстандық бизнестің ұсынысы қолдау тапты;

- Белорусь Республикасының Одақтың кедендік шекарасы арқылы жиналмаған немесе бөлшектенген түрде, сонымен бірге жиынтықталмаған және аяқталмаған түрде өтетін тауарларды кедендік декларациялау бойынша жаңа шектеу орнату туралы ұсынысы қолдау таппады, -  бір сыртқы экономикалық мәміле аясында;

- Белорусь Республикасының ұлттық заңнама аясында тауарлардың жіктелуі туралы шешім орнына Одақтың кедендік аумағынан жекелеген құрамдастарымен әкетілетін жиналмаған немесе бөлшектенген түрдегі тауарларды жоспарланған жеткізулер туралы жазбаша хабарламаны ұсыну мүмкіндігі туралы ұсынысы қолдау тапты;

- Ресей Федерациясының кеден органы орнатқан кедендік процедураның әрекет ету мерзімі өтіп кеткен күннен кейінгі күннен бастап, мұндай мерзім өтіп кеткен соң оны ұзарту мүмкіндігінсіз, кеден процедурасын тоқтату туралы ұсынысы қолдау таппады;

- Беларусь Республикасының инвестициялық жобаларды жүзеге асыру аясында және басқ. Одақтың кедендік аумағына әкелінетін (әкелінген) тауарларға қатысты тауарларды шығаруды кеден декларациясы берілгенге дейін  жүзеге асыру ұсынысы қолдау тапты.

Жекелеген түзетулер бойынша мемлекеттік органдармен келіспеушіліктер туындады:

- кедендік тексеруді жүргізу үшін кедендік транзиттің кедендік процедурасын аяқтау мерзімін 10 жұмыс күніне дейін ұзарту бойынша;

- декларант белгіленген мерзімде тауарларды уақытша сақтауға орналастырумен немесе оларды кедендік декларациялаумен байланысты кедендік операцияларды жасамаған жағдайда, тасымалдаушыға тауарды уақытша сақтауға орналастыру құқығын беру бойынша;

- Одақ тауарларын еркін қойманың кедендік процедурасына орналастырусыз еркін қойма аймағында орналастыру және (немесе) пайдалану мүмкіндігі бойынша;

- посткедендік бақылау жүргізу кезінде кеден декларациясында мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттар ұсынылмаған жағдайда, не болмаса онда қайшылықтар кездескен жағдайда, кеден органына тауарлардың сипаттамаларына, олардың атауларына, кеден органы анықтайтын кеден баждары, салықтары, арнайы, демпингке қарсы, өтемақылық баждардың ең жоғары сомасы сәйкес келетін олардың санына қарай кеден декларациясына өзбетінше өзгертулер мен толықтырулар енгізу құқығын беру бойынша;

- кедендік төлемдер мен салықтарды қамтамасыз ету, кеден ісі саласында қызметті жүзеге асырушы тұлғалардың міндеттемелерін орындауын қамтамсыз ету сомасына арнайы, демпингке қарсы, өтемақылық баждар, пайыздар, өсімпұлдар және басқаларын қосу бойынша.

Ұлттық палата сарапшылары «Жеке қолдануға арналған тауарлар құны» 362 (279) бабының жаңа редакциясын ұсынды.

Мәскеудегі Жұмыс тобының 10 отырысы және Сараптау тобының 11 отырысы қарауына шығарылатын мәселелерді қарау қорытындыларымен мына және мына жерде танысуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер