astana-view

Ұлттық палатада Еуразиялық экономикалық одақ Экономикалық дамуының негізгі бағытттары және өзара саудадағы бейтарифтік кедергілер талқыланды

2014 жылғы 25 Қараша
4098 просмотров

ҰКП алаңында Еуразиялық экономикалық комиссия, мемлекеттік органдар, ғылыми ұйымдар және бизнес-қауымдастықтар қатысуымен «2030 жылға дейінгі Еуразиялық экономикалық Одақ экономикалық дамуының негізгі бағыттары және интеграциялық ынтымақтастық механизмдері» тақырыбында сараптамалық жиналыс өтті.

ЕАЭО Экономикалық дамуының негізгі бағыттары (ЭДНБ) жасалуы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартпен көзделген басты стратегиялық құжаттардың бірі болып табылады.

Бұл құжат 2015 жылғы 31 наурызға дейін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес қарауына ұсынылады деп жоспарлануда.

Еуразиялық экономикалық комиссия өкілдері жиналысқа қатысушыларға құжат жобасы негізгі бөлімдерінің құрылымы мен мазмұны туралы айтып берді.

ЭДНБ мына бағыттар бойынша ЕАЭО даму келешегін анықтайтын болады:

1) Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету;
2) Іскерлік белсенділіктің және инвестициялық тартымдылықтың өсуі үшін жағдай жасау;
3) Инновациялық даму және экономиканы жетілдіру;
4) Қаржы ресурстары қолжетімділігін қамтамасыз ету және Еуразиялық экономикалық одақтың тиімді қаржы нарығын қалыптастыру;
5) Инфрақұрылымдық даму, сонымен бірге транзиттік әлеуетті жүзеге асыру;
6) Кадрлық әлеуетті дамыту;
7) Энергия тиімділігі мен ресурсты үнемдеуді көтеру;
8) Өңірлік даму және шекара маңы ынтымақтастығы;

9) Сыртқы сауда әлеуетін жүзеге асыру.

Сонымен бірге ЕАЭО Экономикалық дамуының негізгі бағыттары жобасы соңғы емес және оны талқылау желтоқсанның бірінші онкүндігінде өтетін бейнеконференцияларда жалғасын табады.

ҰКП бұрында айтылған позициясына қосымша құжат жобасына өз ескертулері мен ұсыныстарын жолдайды.

Сонымен қатар, жиналыста ЕАЭО елдері өзара саудасында әрекет ететін алу, кедергілер және шектеулерді алып тастау мәселесі де талқыланды.

Қазірде ЕЭК алу және өзге де шектеулер, сонымен бірге кедергілер, кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің КО және БЭК мүше мемлекеттері нарығына өзара қолжетімділігі тізімі жасалған. Алу Тізіміне төрт еркіндік қимасындағы шамамен 422 алу мен шектеу кіреді: тауарлар, қызметтер, капитал және жұмыс күшінің қозғалысы.

ЕЭК ақпараты бойынша алу тізімі бойынша жұмыс 2015 жылғы ақпанда аяқталуға тиіс. Осылайша, әрекеттегі кедергілерді жою бойынша жүйелік жұмыс бастау алатын болады.

ЭДНБ жобасы бойынша өз ескертулеріңіз бен ұсыныстарыңызды ҚР Экономикалық интеграция департаментіне мына электронды мекен-жайға жолдай аласыз: a.kyssykov@palata.kz, не болмаса мына телефон бойынша.: +7 (7172) 919 372.

Еуразиялық экономикалық одақ Экономикалық дамуының негізгі бағыттары жобасымен мына жерде танысуға болады.

2030 жылға дейінгі Одақ Экономикалық дамуының негізгі бағыттары жобасы бойынша ЕЭК презентациясымен мына жерде танысуға болады.

Бейтарифтік кедергілерді алып тастау жөніндегі ЕЭК презентациясымен мына жерде танысуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер