astana-view

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі комитет ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

2014 жылғы 26 Қараша
4928 просмотров

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және ҚР Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі комитет өзара тиімді ынтымақтастық туралы келісімге келді. Келісімге ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов пен ҚР ҰЭМ Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі комитет Төрағасы Әлиақпар Мәтішев қол қойып, бекітті. Құжаттың мақсаты кәсіпкерлік қызметтің дамуы үшін де, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық әл-ауқаты үшін де бірдей жағымды жағдай жасау. ҰКП мен Комитеттің өзара қатынасы сындарлылық, ашықтық және өзара ақпарат алмасу қағидаттарында құрылмақшы.

«Сіздер тұтынушыларды қорғайсыздар, біз – кәсіпкерлерді, – деп жүгінді Абылай Мырзахметов Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі комитет басшылығына, – бірақ нәтижесінде біз ортақ іс тындырып жүрміз. Тұтынушылардың өз құқықтарын білгені біз үшін де аса маңызды. Бұл бизнесмендер арасындағы адал бәсеке дамуына септесуге тиіс. Біз ашықпыз және, керісінше, міндеттемелердің байыппен орындалуын бірлесе насихаттауға мүдделіміз. Ынтымақтастығымыздың тағы да бір маңызды бағыты бар. Біз Комитеттің ішкі нарықты, отандық тауар өндірушілерді қорғау мәселелері жөнінен түсіністігін күтеміз. Қазақстан белсенді интеграциялық процестер үстінде: Кеден одағы, 1 қаңтардан бастап –Еуразиялық экономикалық одақ және одан кейін ДСҰ. Бұл жерде кәсіпкерлерден және отандық өндірушілерден, әсіресе тамақ өнеркәсібінде өтініштер өте көп келеді».

Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі комитет – бизнесті тексеретін ірі ведомстволардың бірі, деп келісті Әлиақпар Мәтішев және тәуекелдер дәрежесін бағалау жүйесі негізінде бақылау-қадағалау қызметіне жаңа ұстанымдар енгізу қажеттігін қолдады. Комитет басшысы таяу арада осы және ҰКП-мен арада қол жеткізілген келісімдер жайлы өз ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне хабарлайды. Тараптар желтоқсан айына жоспарланып отырған арнайы кездесу барысында тексерістер тақырыбын егжей-тегжейлі талқылауға келісті.   

«Біздің міндеттеріміз қиысып жатыр. Кәсіпкерлік қызмет тұтынушы қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған, және де біз еліміздің азық-түліктік қауіпсіздігін қорғаушы органбыз. Комитет бизнестің сапалы да қауіпсіз өнім шығаруына мүдделі. Тұтынушы тауардың сапасы мен қасиетін және  адал ниетті өнім өндірушіні білуге тиіс. Қазақстанның алдағы ЕАЭО және ДСҰ-ға кіруі бизнестің сапалы өнім шығаруға ынталануын болжайды. Бүгінде біз аумағымызға сапасыз және азық-түлік қауіпсіздігіне сәйкес келмейтін өнімнің келмеуі үшін, белгілі бір қадамдар жасап жатырмыз», – деді Келісімге қол қою рәсімінің барысында Әлиақпар Мәтішев. Ол сонымен қатар Комитет алдында тұрған үлкен міндеттердің бірі – Ұлттық палатамен және бейіндік қоғамдық бірлестіктермен бірлескен жұмысты белсендіру екендігін атап өтті. 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі комитеті мен Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арасындағы Өзара ынтымақтастық туралы келісімді мына жерден табасыз. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер