astana-view

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Кеден одағы аясында экспортқа шарт жасасу кезінде сақ болуды сұрайды

2014 жылғы 26 Қараша
3997 просмотров

Құрметті кәсіпкерлер!

КО және БЭК аясында жанама салықтарды (ҚҚС) төлеу-алу жағынан экспорттық-импорттық операцияларды реттеу мақсатында 2008 жылғы 25 қаңтарда «Тауарларды, жұмыс орындау, қызмет көрсетулерді экспорттау және импорттау кезінде жанама салық салу қағидалары туралы келісім» әзірленіп, бекітілген. Бұл құжат Қазақстан Республикасында 2009 жылдың 3 сәуірінде ратификацияланды. 2014 жылғы 29 мамырда Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартқа қол қойылып, оны әзірлеуде  Шартқа «Тауарлардың, жұмыстарды орындаудың, қызметтер көрсетудің экспорты мен импорты кезінде жанама салықтар алу тәртібі мен олардың төленуін бақылау тетігі туралы Хаттама» №18 Қосымшаға кодификацияланды.

ЕЭО туралы Шарт 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Шартқа Қосымшада КО және БЭК аясында тауар айналымы кезінде импортшылардың ҚҚС төлеу бойынша тәртібін, мерзімін және міндеттемелерді реттейтін тауарларды, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді экспорттау және импорттау кезінде жанама салықтар (ҚҚС) алу принципі мен механизмі көзделген.

Қазірде Ұлттық палата атына оларға экспортшыларға ретінде сатып алушы-импортшылардың ҚҚС төлемегеніне не болмаса толық төлемегеніне (ҚҚС төлеуден жалтарғанына) орай ҚҚС-ты үстеп есептеуге қатысты өтініштер келіп тұрады.

Сонымен бірге, КО және БЭК елдері заңнамасына сәйкес, ҚҚС төлеу ауыртпалығы импортшының мойнында, алайда импортшы ҚҚС толық төлемесе не мүлдем төлемесе, салық органы 180 күнтізбелік күн өткен соң ҚҚС пен өсімпұлды экспортшыға төлетеді.

Бизнесіңіздің ойдағыдай дамуы мақсатында кәсіпкерлік тәуекелдерді қарастырып, контрагент-импортшыларды таңдауда сақ болуды сұраймыз. Импортшылармен шарт жасасу кезінде тараптардың жауапкершілігін, сондай-ақ міндеттемелер орындалуының, соның ішінде ҚҚС төленуі кепілдігін көздеуді сұраймыз.

Ұлттық палата бұл мәселені пысықтауға кірісті және оны реттеуге белсене ат салысатын болады.   

Барлық туындаған мәселелер бойынша ҚР ҰКП Экономикалық интеграция департаментіне мына телефон бойынша жүгінуді сұраймыз: +7 (7172) 919 373 (ішкі: 1726). 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер